Іздеу

Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы 2011 жылдың 10 айында өсімдіктер мен жануарлар және балық шаруашылығын қорғау саласында табиғат қорғау заңнамасын бұзу туралы мәлеметтер бойынша 4602 реид және 921 тексеру жұмыстарын өткізді.

Анықталған бұзушылық 793 (олардың ішінде орман шаруашылығын пайдалану тәртібін бұзу 570, аң аулау тәртібін бұзу – 125, балық аулау мен балық қорын қорғау тәртібін бұзу – 98. Ерекше қорғалатын табиғаттық аймақ – 0 жағдай). Әкімшілік жауапкершілікке тартылған 633 –  жеке тұлғалар, 90 – лауазымды тұлға. Қылмыстық жауапкершілікке тартылған – 3 адам.

Заң бұзушыларға салынған әкімшілік айыппұлдардың соммасы 5384,7 мын тенге (өндірілген айыппұлдар соммасы 5455,5 мың тенге). Қойылған талаптар соммасы 2753,4 мын тенге (өндірілген талаптар 1810,8 мың тенге).

Заң бұзушылардан алынған браконьерлік құралдар саны – 215. Соның ішінде: 13 тегіс оқпанды қару, 102 – аулау құралдары (ау, желі), 100 – басқа браконьерлік құралдар.

2011 жылдың өткен 10 айында табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы және оған қарайтын мемлекеттік мекемелерде бұқаралық ақпарат құралдарына: газет, журналдарға – 63 рет жариаланған, радио мен теледидардан 14 рет хабар өткізілді.

 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..