Іздеу

Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы 2011 жылдың 9 айында орман, жануарлар әлемін қорғау және балық шаруашылығы саласындағы табиғат қорғау заңнамасын сақтау бойынша  3705 рейд пен 833 тексеру жүргізді.

725 бұзушылық анықталды (соның ішінде: орман заңнамасын бұзу – 520, аң аулау ережесін бұзу – 109, балық аулау ережесін бұзу – 96, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимін бұзу - 0). Әкімшілік жауапкершілікке 616 жеке тұлға, 83 лауазымды тұлға тартылды. Қылмыстық жауапкершілікке – 1 адам.

Бұзушыларға сомасы 4881,1 мың теңгенің әкімшілік айыппұлы салынды (сомасы 4915,4 мың теңгенің айыппұлы өндірілді). Сомасы 2331,5 мың теңгенің талабы қойылды (сомасы 1772,9 мың теңгенің талабы өндірілді).

202 браконьерлік аулау құралы алынды, соның ішінде: 12 бірлік отты қару, 102 ау мен тор, 88 браконьерлік аулаудың басқа да құралы.

2011 жылдың 9 айында Басқарма және оған ведомстволық қарасты мекемелер бұқаралық ақпарат құралдарында 61 мақала жариялады, телевизия мен радиода 12 хабар ұйымдастырылды.

 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..