Іздеу

Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы В.Е.Чернецкийдің 2011 жылдың 8 айы бойынша хаттамалық тапсырмалар мен қойылған міндеттерді орындау жұмыстарының қорытындысы жөніндегі мәжіліске арналған баяндамасы

 

Өскемен қаласы

Горький к-сі, 40, № 108 аудитория                                                               сағат 10 00-де

 

 

 

Құрметті қонақтар! Құрметті мәжіліске қатысушылар!

 

Экологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында ағымдағы жылы Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен біздің өңірдің қоршаған ортасының жағдайын тұрақтандыруға бағытталған іс-шаралар кешені жүргізілуде. Көрсеткіштер қатары бойынша жалғасып келе жатқан экономикалық өсу тенденциясы барлық табиғи орталарға жоғары техногендік салмақтың себепшісі болып отыр, табиғат пайдаланушы кәсіпорындар санының өсуі мен жаңа өндірістік қуаттарды енгізу байқалуда.

Бүгінгі күнгі өзекті мәселелер:

- облыстың ірі қалалары үшін – атмосфералық ауаның жағдайы, автокөлік санының өсуі;

- тарихи ластану, иесіз қалдықтар, жаңа тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарын салу проблемалары шешімін қажет етеді;

-              қалдықтарды пайдалану проблемасы, қалдықтарды қайта өңдеу және пайдаға асырудың енгізілген технологияларының жоқтығы;

-         - өндірістік және тұтыну қалдықтарының үлкен көлемде жиналуы;

-         Су ресурстарын сақтау және қорғау;

- елді-мекендердің тазалығын, көгалдандырылуы мен абаттандырылуын тиісті түрде қамтамасыз ету;

-         -радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

 

Жалпы бюджеттің барлық деңгейлерінен ағымдағы жылы табиғат қорғау іс-шараларына 1 986,2 млн.теңге қарастырылған, соның ішінде:

- республикалық бюджеттен- 1 181,5 млн.теңге;

- облыстық бюджеттен – 488,6 млн.теңге;

- қалалар мен аудандар бюджетінен (санитарлық тазалау, көгалдандыру, абаттандыру баптары бойынша) – 316,1 млн.теңге.

Сонымен қатар, мына баптар бойынша:

- орманды күзету, қорғау және орманды молықтыруға 864,3 млн.теңге қарастырылған:

- жануарлар әлемін қорғау -10,9 млн.теңге.

Ағымдағы жылы өте өзекті экологиялық проблемалар өз шешімін тапқанын атап өту қажет:

- Өскемен қаласында түбін тазалаумен Комендантка өзенінің арнасын орнықтыру жөніндегі жұмыстар кешені басталды – 518,3 млн.теңге;

- Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданындағы Тұғыл ауылының кәріз жүйелері мен тазалау имараттарын қайта жаңарту жүргізілуде – 100,4 млн.теңге;

- Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қалаласындағы кәріз коллекторларын қайта жаңарту басталды. Қысымды кәріз коллекторы КНС-14-тен КНС-17-ге дейін (2 жіп) – іске асырудың жалпы құны – 804 млн.теңге, соның ішінде 2011 жылы – 100 млн.теңге.

- Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында «Пионерская» ағысының арнасын қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде – 472,8 млн.теңге;

- Абай ауданының Карауыл ауылында тұрмыстық қатты қалдықтар және өзге де қалдықтар полигонының құрылысы басталды – 55,2 млн.тенге;

- Жарма ауданының Шар қаласында сыйымдылығы 120 мың м.куб./жыл дейінгі тұрмыстық қатты қалдықтар және өзге қалдықтар полигонының құрылысы басталды – 52,5 млн.тенге;

- Зайсан ауданының Зайсан ауылында сыйымдылығы 50 мың м.куб./жыл тұрмыстық қатты қалдықтар және өзге де уытты емес қалдықтар полигоны салынуда – 81,2 млн.тенге;

- Курчатов қаласында тұрмыстық қатты аз уытты қалдықтар полигонының құрылысы аяқталуда.

 

- облыста алғашқы рет біздің басқармамен Семей қаласындағы құрамында сынабы бар қалдықтарды демеркуризациялау учаскесі де ұйымдастырылды, 2011 жылдан бастап оның сәтті іске қосылуы қамтамасыз етілді.

- алғашқы рет «сынама жоба» режимінде Глубокое ауданының елді-мекендері қатарында басқармамен қолданыстағы тұрмыстық қатты қалдықтарды тастайтын жерлерді заңдастыру сызбасы бойынша жұмыс жасалды, бұл бюджеттік қаржыны біршама үнемдеуге  және заңмен белгіленген пайдалануға беру (ТҚҚ полигондарын) рәсімдерін жеңілдетуге мүмкіндік береді.

- ҚР Мәжіліс депутаттарының, ШҚО Қоғамдық кеңесінің, Өскемен қаласы әкімдігінің бастамасымен және бірлескен күштерімен Өскемен қаласында республикада алғашқы рет атмосфералық ауаның автоматтандырылған жүйесін енгізуге қол жеткізілді, бұл болашақта шынайы уақыт режимінде (он-лайн) ауа сапасын және облыс орталығының атмосферасындағы өзіне тән ингредиенттер бойынша ластаушы заттардың концентрациясын қадағалап отыруға мүмкіндік береді, қазіргі уақытта басқармамен аталған жүйені оның іске қосылуын қамтамасыз ету мақсатында қаржыландыру мәселесі бойынша жұмыс жасалуда.

Қазіргі уақытта табиғат қорғау бағдарламаларын іске асыру ұстанымдарының қатары бойынша күтілген нәтижелерге қол жеткізілді, соның ішінде табиғат пайдаланушы кәсіпорындардың есебінен, атап айтқанда:

- бағдарламаны іске асыру кезіндегі облыстың су объектілеріндегі су шаруашылығы жағдайын талдау ластану индексі мен сапа класы көрсеткіштері бойынша жер беті суларының сапасын тұрақтандыру тенденциясының жалғасуын көрсетеді, бұл облыстың негізгі су артериясы – Ертіс өзенінің жағдайына әсерін тигізді.

- атмосфераға ластаушы заттардың жалпы шығарындысы көрсеткішін млн.теңге жалпы өңірлік өнімге 0,27 тоннадан (2008 жылы) млн.теңге жалпы өңірлік өнімге 0,24 тоннаға дейін (2010 жыл және 2011 жылға болжау) төмендету.

- халық көп қоныстанған және өндірісті көп шоғырландырған облыс елді-мекендерінің көпшілігінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату және т.б. жөніндегі жобаларды мақсатқа сай әзірлеу және бекіту арқылы шаруашылық қызметтің шектелген режимін қамтамасыз етуге қол жеткізілді.

Гидротехникалық имараттардың және өзге де су шаруашылығы объектілерінің қауіпсіз және апатсыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігімен ағымдағы жылы, әсіресе су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды болдырмау үшін басқарма жанындағы «Шығыс су қоймалары» КМК құрылды.

Халықаралық қаржы институттарымен қажетті іс-әрекеттер жүргізілуде.         2009 жылдан бастап ҚР АШМ Су ресурстары жөніндегі комитеттің желісі бойынша жалпы сомасы 69 млн. АҚШ доллары болатын, «Өскемен қаласының қоршаған ортасын қалпына келтіру» жобасын іске асыру басталды.

 

Сонымен қатар, АЛИ-5 (атмосфераның ластану индексы) көрсеткіші бойынша атмосфералық ауаның біршама тұрақтануына қарамастан, 2010 жылы (АЛИ= 7,2) 2009 жылмен салыстырғанда (АЛИ 9,8) осы көрсеткіштің 2011 жылдың 8 айы қорытындылары бойынша нашарлауы байқалады, осыған байланысты барлық уәкілетті органдар және мүдделі тараптармен ведомствоаралық іс-әрекетті күшейту және пәрменді іс-шаралар қабылдау қажеттігіне үлкен назар аудару қажет, олардың бірі жоғарыда аталған тамыз айында бақылаудың автоматтандырылған жүйесін іске қосу болып табылады. Шығыс Қазақстан облысы - атмосфералық ауа сапасының жағдайын қосымша зерттеу және бақылау мақсатында Қазгидромет бөлімшелерін – бұл ШҚ гидрометерология орталығын жергілікті бюджеттен қосымша қаржыландыруды қамтамасыз ететін жалғыз облыс.

Табиғат пайдаланушы кәсіпорындармен өз қаржысы есебінен табиғат қорғау іс-шараларын өткізу арқылы экологиялық ахуалды тұрақтандыру жөніндегі мақсатты жұмыс жүргізілуде.

Табиғат қорғауға бағытталған бюджеттік инвестициялық жобаларды республикалық және жергілікті деңгейде алға жылжыту жөніндегі мақсатты жұмыс жүргізілуде, осыған байланысты қалалар мен аудандар әкімдіктеріне жоба алдындағы (ТЭН) және жобалық (ЖСҚ) құжаттаманы әзірлеу жөніндегі жұмысты күшейту, сонымен қатар ҚР заңнамасымен белгіленген тәртіпте өңірде орын алып отырған барлық экологиялық проблемалар бойынша инвестициялық жобаларды дайындау қажет. Қалалар мен аудандар әкімдіктеріне Глубокое ауданының үлгісінде тұрмыстық қатты қалдықтарды тастайтын жерлерді заңдастырудың оң тәжірибесін қарастыруды қажет деп санаймын.

Жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жататын рұқсат беру рәсімдері мен сараптамаларды жеңілдету және жетілдіру жөніндегі белгілі бір шаралар қабылдануда. Жеке айтқанда, бұл II. III және IV категориялы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындыларын беру, қоршаған орта эмиссияларына рұқсат беру.

Жеделдетілген индустриалдық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жаңа өндірістік күштерді енгізуді болжады, бұл қоршаған ортаға қосымша эмиссия көздерінің пайда болуына әкеледі, бұл ретте экономикалық өсудің тұрақты динамикасы мақсатын көздей отырып, барлық мүмкін болатын экологиялық қауіптерді есепке алу қажет.

Басқарманың қарамағындағы орман шаруашылығы мекемелерімен табиғи байлықтарды сақтау және молықтыру жөніндегі тұрақты, мақсатты жұмыс жүргізілуде.

Жыл сайын орманды қалпына келтіру жұмыстарының көлемі өсіп келеді. 13 орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесін облыстың коммуналдық меншігіне тапсыру кезінде жалпы алаңы 6100 гектардан астам жерде, соның ішінде 2250 гектар орман дақылдарын егу жолымен орманды қалпына келтіру іс-шаралары жүргізілді.

Жыл сайын 3,0 млн данадан кем емес стандартты ағаш тұқымының көшеттері өсірілетін 12 орман тұқымбағы қалпына келтірілді.

Өрт қауіпсіздігі жоғары маусымның басынан бастап облыс аумағында жалпы алаңы 22,0 мың гектар болатын 40 астам дала өртінің оқиғасы тіркелді. Негізгі себеп  отты абайсыз пайдалану және орман өрттерін олардың бастапқы өрбу сатысында сөндірілмеуі болып табылады. Осыған орай, дала өрттерін болдырмау жөніндегі жан-жақты шаралар қабылдауды ауылдық округтер әкімдерінің назарына саламыз.

 

Баяндамамның соңында қалалар мен аудадандар әкімдіктері тарапынан шешімді және кідіріссіз шараларды қабылдауды қажет ететін негізгі басым міндеттерді атап өткім келеді, атап айтқанда:

1) Глубокое ауданы әкімдігінің оң тәжірибесі үлгісінде бар қоқыс тастайтын жерлерді заңдастыру рәсімдерін бастасын;

2) Қалалар мен аудандар әкімдері су тасқыны кезеңінде апаттық оқиғаларды болдырмау үшін гидротехникалық имараттарда қажетті жұмыстарды орындасын және оларды «Шығыс су қоймалары» КМК теңгеріміне тапсыру жөніндегі қажетті рәсімдерді жүргізсін.

 

3) Жоспарланған «Энергияны үнемдеу мен энергияның тиімділігін арттыру туралы» ҚР Заңын қабылдауға байланысты және болашақта қызу лампаларын пайдалануға тыйым салумен «Табиғат-Өскемен» ЖШС-мен құрамында сынабы бар лампалар мен құралдарды орталықтандырылған әкетуге, сонымен қатар оларды Семей қаласындағы демеркуризация учаскесінде жоюға белгілі бір қаржы бөлінсін;

 

4) Қалалар мен аудандар әкімдеріне табиғат қорғау бағдарламаларын іске асыру туралы ақпаратты дайындау кезінде берілетін ақпараттың толықтығы мен нақтылығына назар аудару қажет. Сонымен қатар, қалалар мен аудандар аумақтарының даму бағдарламасын қалыптастыру кезінде жетекшілік етілетін өңірдегі бар экологиялық проблемалары және оларды шешу жолдары көрсетілсін;

 

5) әкімдіктердің құрылымдық бөлімшелерімен атап айтқанда – қалалар мен аудандардағы тұрғын-ұй коммуналдық шаруашылығы бөлімдеріне ағымдағы жағдайды бақылап отыру қажет және кәріз объектілерінің, тұрмыстық қатты қалдықтарды қаттау полигонының жағдайы туралы нақты ақпараты болуы тиіс, қалдықтарды қайта өңдеу мен пайдаға асыру саласындағы әлеуетті инвесторларды тарту жөніндегі іс-шаралар қабылдансын.

 

6) қалалар мен аудандар әкімдіктеріне өз өңірлеріндегі экологиялық проблемаларды шешу бойынша белсенді ұстанымды алу қажет, яғни инвестициялық ұсыныстарды (ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 545 қаулысына сәйкес), жобаға дейінгі және жобалық құжаттамаларды әзірлеу арқылы бар экологиялық проблемалар бойынша тұрақты жұмыс жүргізсін;

 

7) құжаттарды мемлекеттік экологиялық сараптамаға тапсырған кезде Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексімен белгіленген мемлекеттік экологиялық сараптаманы өткізу мерзімдерін ескеру қажет;

 

8) автомобиль көліктері санының біршама өсу тенденциясына байланысты облыстың ірі қалаларындағы көше-жол желісін жетілдіру жөнінде әрі қарай іс-шаралар қабылдау қажет.

 

 

Назарларыңызға рахмет!

 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..