Іздеу

В.Е.Чернецкийдің 2010 жылғы 18 маусым күні Шығыс Қазақстан облысы әкімінің мәжілісінде «Шығыс Қазақстан облысындағы су ресурстарын қорғау жөніндегі шаралар туралы»

жасайтын БАЯНДАМАСЫ

 

«Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу, Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Мемлекет Басшысының Қазақстанның халқына жыл сайынғы жолдауында республика азаматтарының өмірін жақсартуға ерекше назар аударылды.

Өңірде өнеркәсіптің көп шоғырлануы, «тарихи» ластанудың, тау-кен салалары кәсіпорындарының болуы облыста су ресурстары бойынша бірқатар кезек күттірмей шешуді талап ететін экологиялық

проблемаларды туғызды. Соңғы бес жылда Ертіс өзенінің су ресурстарын экономика салаларындағы пайдаланушылардың артқаны, бірақ су алудың төмендеу үрдісі байқалады.

Облыстың су объектілеріндегі су шаруашылығының жағдайына ластану индексінің көрсеткіштері мен сапа класы бойынша жасалған талдау жер үсті сулары сапасының тұрақтану үрдісін көрсетті.

Шығыс Қазақстан гидрометеорология орталығы кәсіпорнының деректері бойынша 2009 жылы Шығыс Қазақстанның су объектілерінің сапа класы мыналарды құрады:

Қара Ертіс, Бұқтырма өзендері – 2 класты – таза;

Ертіс, Оба өзендері 3 класты – орташа ластанған;

Глубочанка, Брекса, Үлбі өзендері – 4 класты – ластанған;

Тихая өзені – 5 класты – ластанған;

Красноярка өзені – 7 класты – тым лас.

Брекса, Тихая, Глубочанка, Красноярка өзендері Ертіс өзенінің көбірек ластанған оң жағалауының

салалары болып сипатталады. Осы өзендердің жер үсті суларының қалыптасуына қолданыстағы өнеркәсіп кәсіпорындары мен бұрынғы жылдардағы қызметтің салдары әсер етуде (үйінділер, жұмыс істеп болған құрауыштардың террикондары, қалдырылған шахта өнімдері және т.б.).

2006 жылы облыстық бюджеттің қаржысы есебінен «Үлбі және Ертіс өзендерінің бассейніндегі су тоғандарын түгендеу және тарихи ластануға талдау жасау, оларды іске асыру бойынша іс-шараларды әзірлеу» жұмысы орындалды.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесін негізге ала отырып Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары» жобасына  «тарихи» техногендік минералды түзілулерді өңдеу және пайдаға жарату бойынша іс-шараларды жүзеге асыру» бойынша толықтырулар енгізді. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысының

әкімдігі Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық тұжырымдамасын іске асыру  бойынша 2010-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жанынан  Қазақстан Республикасының аумағындағы тарихи ластануды консервациялау және жою бойынша мемлекеттік кәсіпорын құру туралы ұсыныс енгізді.

Ертіс өзенінің бассейніндегі судың азаюы 2002 жылдан бастап байқалды. Суы ең аз болған жыл – 2008. Қалыптасқан сулылығы аз кезең Бұқтырма су қоймасының таяздануына әкеліп соқты. Су қоймасындағы

негізгі уылдырық шашу орыны - Тораңғы бұғазы бөлініп қалды.

Бұқтырма су қоймасының ең төменгі деңгейі 2008-2009 жылдар аралығында байқалды 2009 жылғы 30 наурызда 22,3 шаршы шақырым кезінде 388,85 м БС құрады.

2009 жылдан бастап судың аз болса да көбею үрдісі байқалады, 2009 жылғы 01 қаңтарда – 24,8 шаршы шақырым болса, 2010 жылғы 1 қаңтарда – 25,9 шаршы шақырым, ал 2010 жылғы 9 маусымда 35,6 шаршы шақырым болды, бұл табиғи сулылықтың артуы есебінен және облыс әкімінің 2009-2010 жылдары көктемгі су босатуды шектеуінің нәтижесінде болды.

2009 жылы Шығыс Қазақстан облысына келген сапарында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өңірді сумен қамтамасыз етуді арттыру үшін ішкі резервтерді іздестіру туралы міндет қойды. Тапсырманы орындау мақсатында облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың өкімімен жұмыс тобы құрылды, оның құрамына мүдделі мемлекеттік органдарың өкілдері, мамандар, жобалаушылар мен сарапшылар қатысты. Ақапарат жиналды, материалдарға талдау жасалды және өңірді сумен қамтамасыз етуді арттыру мәселелерін шешудегі инвестициялық ұсыныстар қаралды. Жұмыс тобының мәжілісінде ұсыныстар әзірленіп орталық мемлекеттік органдарға жіберілді.

2009 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен  Шығыс Қазақстан

облысы гидроресурстарын тиімді пайдалану бойынша ұсыныстар әзірлеу бойынша жұмыс тобы құрылып

оған облыс әкімдігінің өкілдері енгізілді. Астана қаласында бірқатар жұмыс мәжілістері өткізілді, мынадай ұсыныстар мақсатқа лайық болып саналды:

1) Бұлақ ГЭС-інің құрылысын салу;

2) Шүлбі кеме жүретін шлюзінің қорғаныс ғимаратының құрылысын салу;

3) Шығыс Қазақстан облысы гидрологиялық және қар өлшеуіш постыларының желілерін кеңейту;

4) болашақта Белокатуньский (Ақсу) ГЭС-інің құрылысын салу.

 

Үш су қоймасы Ертіс өзенінің ағысын реттейді. Каскадтың жұмыс режимі тұрғындардың, өнеркәсіптің, энергетиканың, су көлігінің, балық және ауыл шаруашылығының мүддесіне жұмыс істеуге арналған. Су қоймаларындағы су ресурстарын пайдалануды реттейтін негізгі құжат Қазақстан Республикасы Су ресурстары жөніндегі комитеттің 2002 жылы бекіткен «Су қоймасының Жоғарғы Ертіс каскадының су ресурстарын пайдалану ережесі» болып табылады. Бүгінгі күні бұл құжат ескірген.

Өңірдің су-энергетикалық қауіпсіздігі мәселелері бойынша облыс әкімі бірқатар мәжіліс өткізілді. Мәжілістің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Су ресурстары жөніндегі комитетке «Су қоймасының Жоғарғы Ертіс каскадының су ресурстарын пайдалану ережесін» түзету бойынша ұсыныстар жіберілді.

Су-энергетикалық қауіпсіздік мәселелері 2009 жылы Павлодар және Өскемен қалаларында өткен Ертіс бассейндік кеңесінің мәжілістерінде қаралды.

 

Шығыс Қазақстан облысында су объектілерін қорғау және сақтау мақсатында облыс әкімдігінің қаулысымен

су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленуде. 2009 жылы облыс әкімдігі 10 қаулы қабылдады.

2006 - 2009 жылдар аралығында «Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы» 15 қаулы қабылданды (соның ішінде: Өскемен, Семей қалаларындағы Ертіс өзені, Алакөл көлі (шығыс жағалауы), Үржар ауылы және т.б.)

2009 жылы Бұқтырма су қоймасының оң жағалауында Октябрь кентінен бастап Бұқтырма ГЭС-нің бөгетіне дейінгі тұста су қорғау аймақтары мен белдеулерін жобалау бойынша жұмыстар орындалды. Жоба

жағалау сызығының 62,7 шақырымын қамтиды. 2010 жылы Октябрь кентінен бастап «Алтайская бухта» «Худой Камень» тауынан бастап «Геолог» демалыс базасына дейін Бұқтырма су қоймасының

(оң жағалауы) тұсында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілену жоспарланған – жиыны 60 шақырым. Бюджеттен аталған жұмысқа 5,150 миллион теңге бөлінді.

Су қорғау заңнамасын жетілдіру мақсатында Басқарма қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен

толықтырулар енгізу бойынша бірқатар ұсыныстарын орталық мемлекеттік органдарға жіберді, олардың жартысы Қазақстан Республикасы Су кодексінің жаңа редакциясында көрініс тапты - су қорғау аймақтарын белгілеу мәселелері бойынша.

 

Өңірдегі экологиялық жағдайды тұрақтандыруға және жақсартуға бағытталған негізгі құжаттардың бірі – «Шығыс Қазақстан облысының 2008-2010 жылдарға арналған қоршаған ортасын қорғау» өңірлік бағдарламасы.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың жылжуы мемлекеттің табиғат қорғау іс-шараларын іске асырудағы үлесіне тәуелді. Өңіріміздегі қоршаған ортаны қорғау саласындағы инвестициялардың көлемдері бойынша бірқатар сандарды келтіре кетейік:

Өңірлік бағдарламаны іске асыру шеңберінде республикалық және жергілікті бюджеттерден:

2008 жылы – 1321,5 миллион теңге (соның ішінде су қорғау қорғау іс-шараларына – 889,6 миллион

теңге – 67 %);

2009 жылы – 1541,8 миллион теңге (соның ішінде су қорғау қорғау іс-шараларына – 1395,4 миллион

теңге – 91 %);

ағымдағы бюджеттік бағдарлама бойынша 2010 жылға болжам – 83,196 миллион теңге (соның ішінде су қорғау қорғау іс-шараларына – 8,3 миллион теңге – 10 %).

 

Қазіргі кезде өңірлік бағдарламаны іске асырудан бірқатар нәтижелерге қол жеткіздік, дәлірек айтсақ:

- облыстың су объектілеріндегі су шаруашылығының жағдайына талдау  жасағанда бағдарлама іске асырылған уақыттан бастап ластану индексі мен сапа класы көрсеткіштері бойынша жер үсті сулары сапасының тұрақтану үрдісі байқалады, бұл Ертіс өзенінің жағдайына оң әсер етті;

- облыстың халқы мен өнеркәсібі көп шоғарланған елді-мекендерде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және т.б. белгілеу бойынша жобаларды мақсатқа лайық әзірлеу және бекіту жолымен шаруашылықтарды шектелген режиммен қамтамасыз етудің сәті түсті;

- «Жол картасы» шеңберінде сомасы 305,6 миллион теңге республикалық бюджет трансферті есебінен Көкпекті ауданындағы Көкпекті ауылының канализация желілері мен тазарту ғимараттарының құрылысын салу бойынша әлеуметтік және табиғат қорғауға бағытталған маңызды жобаны іске асыруды бастаудың

сәті түсті.

- Көкпекті ауданының Самар ауылындағы және Зырян ауданындағы Серебрянка қаласының тазарту ғимараттарын қайта жөндеу және Алакөл көлінің жағалауын бекіту бойынша жұмыстар аяқталды,

- 2009 жылғы ағымдағы бағдарламалар бойынша су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау

бойынша – Бұқтырма су қоймасында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу бойынша жоба

әзірленді, жергілікті маңызы 43 су тоғанында экологиялық – биологиялық зерттеулер жүргізілді.

Су объектілерінің жағдайын тұрақтандыру және жақсартудағы маңызды аспект – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына өзгертулер енгізу, соның ішінде Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексіне, өйткені соған сәйкес ІІ, ІІІ, ІV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру жергілікті органдарға берілген.

Қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру кезінде 2009 жылы Басқармаға су объектілеріне құйылатын эмиссияның көлемін 70,96 тоннаға; 2010 жылы – 222,08 тоннаға дейін төмендетудің сәті түсті.

Өскемен қаласында жуықта өткізілген (2010 жылғы 18-20 мамыр) «Урбанизацияланған аумақтардың экологиясы» ІІ Экологиялық Форум проблемаларды көтеруге, және тиісті іс-шаралар жоспарына экологиялық жағдайды жақсарту бойынша қосымша ұсыныстар енгізуге мүмкіндік берді. Форумның негізгі ұсыныстары:

1) Қазақстан Республикасының суы аз және құрғақ аудандары үшін тұрмыста, өнеркәсіпте және суармалы егістіктерде энергияның балама көздерінің инновациялық қондырғыларын қолданумен жер астының түрлі деңгейде минералданған суларын пайдалану бойынша бағдарлама әзірлеу;

2) Өскемен қаласындағы Аблакетка кенті ауданында Ертіс өзені және Семей қаласында Тихомировский

өзені арқылы өтетін екі канализация дюкерін қайта жөндеу;

3) Өскемен қаласының тазарту ғимараттарын дамытуды жүргізу;

4) Өскемен қаласындағы Пионер бас су тоғанының күзет аймағында Ертістің саласының түбін тазартумен нөсер және канализация коллекторларының құрылысын аяқтау;

5) Семей қаласының сарқынды суларын биологиялық тазартатын тазарту ғимараттарын қайта жаңарту

және кеңейту;

6) Семей қаласындағы авиациялық керосинмен ластанған жер асты суларын жою;

7) Өскемен қаласындағы Комендантка өзенінің арнасын оңалту және қалпына келтіру;

8) Шығыс Қазақстан облысы бойынша су құбыры және канализация жүйелері мен  сарқынды суларды тазарту жүйелерін соңынан қайта жаңартумен аудит жүргізу;

9) су бассейніне негізгі көзі облыстың аумағында жинақталған өнеркәсіп қалдықтары болып табылатын

ауыр металдардың қосылуын болғызбау бойынша бағдарлама әзірлеу;

10) кәсіпорындарда су үнемдеуші технологияларды енгізу, қайталама және айналма суларды пайдалану.

Су ресурстарын сақтау бойынша шараларды барлық билік деңгейі, суды пайдаланушылар мен

жұртшылықты тартумен уақытында қабылдау, шекарааралық Ертіс өзені бассейнің дағдарысқа ұшырамай өтуіне мүмкіндік жасайды.

 

Назарларыңызға рахмет!

 

 

ШҚО табиғи ресурстар және

табиғат пайдалануды реттеу

басқармасының бастығы                                                                   В. Чернецкий

 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..