Жаңалықтар

Іздеу

2019 жылдың қорытындысы бойынша

«Орманды қалпына келтіру»

Орман шаруашылығының он екі мекемесінде 18 уақытша және тұрақты орман питомниктері жұмыс істейді, олар ашық тамыр жүйесі бар стандартты отырғызу материалымен орманды толық өңдеуді қамтамасыз етеді.

2019 жылы ШҚО-да орман молайту және орман өсіру көлемін ұлғайтудың қадамдық жоспары аясында тұқым 3га алқапқа себілді. 3000,0 мың дана қылқанды және 2527 мың дана жапырақты тұқым мөлшерінде стандартты отырғызу материалы өсірілді.

Ашық жерде өсу уақытын азайту үшін өсудің заманауи стимуляторлары қолданылады.

Орман орналастыру материалдарына сәйкес тексеру кезеңінде орман мәдениетінің қоры 5587,9 га құрайды, оның ішінде:

ағаш кесілген жерлер 1679,5га;

алаңдар 2021,8га;

өртең жерлер, қураған ағаштар 1886,6га.

яғни, жыл сайын 558 га алаңға ағаш отырғызу қажет.

2019 жылы мемлекеттік орман қоры жерлерінде 532га алаңға, оның ішінде ұзақ мерзімді орман пайдаланушылары 72га алаңға ағаш отырғызды.

ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында ШҚО бойынша орман молайту және орман өсіру көлемін ұлғайтудың қадамдық жоспары аясында питомниктердің отырғызылған алаңдарын және орман отырғызу алаңдарын ұлғайту жоспарлануда, осы мақсатта әзірленген Жоспарға сәйкес қосымша учаскелердегі ормандардың жарамдылығы бойынша жобалық-іздестіру жұмыстары жүргізілетін болады.

Жоғарыда көрсетілген Жоспарға сәйкес жақсартылған селециялық-генетикалық ерекшеліктері бар орман тұқымдарын алу мақсатында 2020 жылы облыстық орман мекемелерінде жаңа тұрақты орман тұқымды базасын құру жоспарлануда. 2019 жылы орман шаруашылықтары 720кг жапырақты және қылқанды тұқымдарды әзірледі.

2019 жылы ормандарды қалпына келтіру жұмыстарының нәтижелері бойынша жас ағаштардың құнды ағаш отырғызу санатына енуі 3242га құрайды, оның 2424га қылқан жапырақты, оның ішінде: орман дақылдары - 314,4га, жүргізілген көмек шаралары 509,5га, табиғи өсіру- 2418га.

2019 жылы Басқарма Жастар жылына бағытталған «Жас Өркен» облыстық және қалалық елді мекенді пунктерді көгалдандыру Жоспарын әзірлеп, жүзеге асырды. Жастар мен жұртшылықтың қатысуымен облыс бойынша әртүрлі ағашты-бұталы тұқымдарының 170 мың дана көшеттері отырғызылды. Аталған бағыттағы жұмыс ағымдағы жылы да жалғастырылатын болады.

 

 

«Орманды күзету»

Орман қорының жалпы аумағы 3,8 млн. га құрайды, соның ішінде 2,1 млн. га облыс әкімдігіне қарасты. Негізгі орманды қалыптастыратын барлық ағаш түрлері қорының 49%-ы Шығыс Қазақстанда шоғырланған, тиісінше орман өрттерін болдырмау және оларға қарсы күрес мәселелері басым бағыттардың бірі болып табылады

ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2019 жылғы 30 наурыздағы № 17-5-5/75 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 12 сәуірінен өрт қаупі бар маусымы басталады деп белгіленді.

Орман өрттерімен күресу жөнінде қажетті шараларды қабылдау мақсатында 2019 жылы орман шаруашылығы мекемелері: ағымдағы жылдың 20 наурызына дейін өрт қаупі бар маусымға дайындықты аяқтады, сонымен қатар:

- қалалар мен аудандардың әкімдері орман және дала өрттерін сөндірудің жедел жоспарларын әзірлеп, бекітті;

- өрт қауіптілігі жоғары болған кезеңде орман күзетшілеріне патрульдік маршруттар жасалды;

- телефон және диспетчерлік байланыс қоса қамтылған ескерту схемаларын әзірледі;

- орман қорының аумағында орман өрттерінің туындауы мен сөндіру жағдайына азық-түлік пен медицина қоры қарастырылып, 28 тонна дизельдік отын мен 45 тонна бензин көлемінде жанар-жағармай материалдарының қоры құрылды.

2019 жылы облыс әкімдігінің мемлекеттік орман қоры аумағында жалпы 24,52 га алаңда 6 өрт жағдайы тіркелді. Өрттің шығуының басты себептері (90 %) найзағай оты және дала өртінің мемлекеттік жер қорынан мемлекеттік орман қорына өтуі.

Орман шаруашылығының материалдық-техникалық базасын нығайтуға облыстық бюджеттен қаржы бөлінуде.

Соңғы 3 жылдп 815,7 млн тенге бөлінді.

Өртке қарсы техника және жабдықтармен жасақталуы тиісті нормалардың 63 %-ын құрады.

Орман экожүйелерін сақтау жөніндегі БҰҰДБ жобасының шеңберінде 2018 жылы үш орман шаруашылығына 110 дана рация және 2019 жылы 1 патрульдік машина бөлінді

 

 

ШҚО қалалық және аудандық елді мекендерін көгалдандыру бойынша «Жас

Өркен» іс-шаралар жоспарын іске асыру жөнінде ақпарат

Басқарма Жастар жылына ұштастырылған «Жас Өркен» іс-шаралар жоспарын іске асыру жұмыстарын жүргізуде.

         Ағаш отырғызу үшін әзірленген сұлбаға сәйкес ағымдағы жылдың 14 мамырдағы жағдай бойынша жастардың қатысуымен 131 мың дана  көшет, соның ішінде Өскемен қаласында – 14,5 мың дана;

Семей қаласы –  15,5 мың дана;

Риддер қаласы – 3,0 мың дана; 

Курчатов қаласы – 1,4 мың дана; 

Абай ауданы – 9,2 мың дана;

Аягөз ауданы – 10,1 мың дана;

Алтай ауданы – 1,7 мың дана;

Бесқарағай ауданы – 5,7 мың дана;

Бородулиха ауданы – 3,2 мың дана;

Глубокое ауданы – 8,0 мың дана;

Жарма ауданы – 3,2 мың дана;

Зайсан ауданы – 5,7 мың дана;

Катонқарағай ауданы – 3,9 мың дана;

Көкпекті ауданы – 8,6 мың дана;

Күршім ауданы – 6,0 мың дана;

Тарбағатай ауданы – 5,1 мың дана;

Ұлан ауданы – 7,3 мың дана;

Үржар ауданы – 12,9 мың дана;

Шемонаиха ауданы – 5,8 мың дана көшет отырғызылды.

        

Облыс аудандарында:

-         қарағай кәдімгі 22,6 мың дана;

-         сібір шыршасы 45,6 мың дана;

-         сібір самырсыны 6,3 мың дана;

-         сібір балқарағайы 75 дана;

-         салпыншақ қайың 21,0 мың дана;

-         сібір терегі 18,2 дана;

-         емен 350 дана;

-         шегіршін ұсақжапырақты 16,9 мың дана;

-         үйеңкі 104 дана отырғызылды.

         Сібір шыршасының 150 ірі көшеті «Нұрлы Жол» саябағын көгалдандыру үшін берілді.

         ШҚО қалалық және аудандық елді мекендерін көгалдандыру бойынша «Жас Өркен» жоспары мен көріктендіруді іске асыру жұмыстары жалғастырылуда.

            Облыс аудандарында студенттер мен мектеп оқушыларының қатысуымен 

қамқорлық шаралары басталып, жас көшеттерді суару жұмыстары жүргізілуде.


img lesovostonovlenie

 

 

Ағымдағы жылы ШҚО қалалық және аудандық елді мекендерін көгалдандыру бойынша «Жас Өркен» іс-шаралар жоспарының (бұдан әрі Жоспар) шеңберінде 120 мың дана түрлі сүрек пен бұта тұқымдас ағаштардың көшеттерін отырғызу жоспарлануда.

Жоспардың мақсаты елді мекендерде экологиялық ахуалды жақсарту және жастарды тарта отырып өмір сүруге қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.

Басқарма көгалдандыру іс-шараларын өткізу бойынша қысқаша ұсыныстар әзірледі.

«Нұрлы Жол» саябағын көгалдандыру үшін орман питомниктерінен 100 сібір шыршасы, қарағай ағашы, майқарағай көшеттері жіберіледі.

lesovosstanovlenie

 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..