Іздеу

Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2012 жылдың ІI тоқсанындағы жұмысы туралы есеп

 

 

Өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғау

Ормандар мен жануарлар әлемін қорғау саласындағы табиғат қорғау заңнамасын сақтау бойынша  392 рейд өткізілді.

274 бұзушылық анықталды (соның ішінде: заңсыз ағаш кесу бойынша – 31, өзге де бұзушылық – 95, өрт қауіпсіздігі ережесі мен санитарлық ережені бұзу – 99, сүректі түбірінен босату ережесін бұзу – 49). Әкімшілік жауапкершілікке 186 жеке тұлға тартылды.

Бұзушыларға сомасы 1832,64 мың теңге әкімшілік айыппұл салынды; сомасы 1017,76 мың теңгенің талабы қойылды.

Ағымдағы жылы басқарма орман шаруашылығы мекемелері директорларының қатысуымен, Шығыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының өкілдерімен, авиациялық орман күзетінің өкілдерімен және мемлекеттік орман қорынан ұзақ мерзімді орман пайдалануға учаскелер алған орман пайдаланушылармен бірлесіп 2011 жылғы өрт қауіптілігі жоғары кезеңнің қорытындылары және 2012 жылғы міндеттер бойынша кеңейтілген мәжіліс өткізді. Барлық орман шаруашылығы мекемелерінде олардың дайындықтарына тексеру жүргізілді. ҚР АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті әзірлеген арнайы бағдарлама бойынша мекемелердің инженер-техник персоналын оқыту жүргізілді.

- мекемелер бойынша өртке қарсы шектеу және алдын алу іс-шараларының жоспарларын әзірлеумен ағымдағы жылғы өрт қауіптілігі жоғары маусымға дайындық туралы бұйрықтар шығарылды және олардың орындалу мерзімдері орманшылықтарға жеткізілді;

- ауылдық округтердің әкімдерімен және қалалардың және аудандардың әкімдерімен бірлесіп орман және дала өрттерін өшірудің жедел жоспарлары жасалды бекітілді;

- өрт қауіптілігі жоғары кезеңдегі орман күзеті үшін патруль маршруттары әзірленді;

- орман өрттері шыққан жағдайда хабар беру сұлбалары әзірленді, оған телефон байланысы мен 460 радиостанция тартылды;

- сұлба-карталар әзірленді, оларға :

1) орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері бойынша өрт қауіптілігінің класы бойынша орамдарды бөлу;

2) орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің аумақтарын жердегі және авиациялық орман күзеті аймақтарына бөлу енгізілген;

- мемлекеттік орман қорының аумағында орман өрттерінің шығуы және оларды өшіру жағдайына азық-түлік, дәрі-дәрмек запасы қарастырылған, 66,2 тонна бензин, 36,5 тонна дизель отыны көлемінде жанар-жағармай материалдарының қоры құрылған;

- ұзақ мерзімді орман пайдаланушылармен және мемлекеттік орман қорымен шекаралас басқа да кәсіпорындармен орман өрттерін өшіру кезінде өзара әрекеттестік бойынша шарттар жасалды, онда орман өрттері шыққан кезде оларды өшіруге 2329 адам, 269 трактор, 280 әртүрлі маркідегі машина бөлу көзделген.

Молықтыру мен орман өсіруге жергілікті бюджеттен 49881,0 мың теңге қаржы бөлінді.

Ағымдағы жылдың көктемінде мынадай іс-шаралар орындалды: 570 гектар аумақта орман дақылдарын отырғызу жүргізілді, соның ішінде: орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері 532 гектарда, мемлекеттік орман қорының учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану құқығын алған орман пайдаланушылар 38 гектарда. Топырақты өңдеу соқамен жыртып, борозда салумен және бульдозермен алаңқайды тегістеумен орындалады.

Орман тұқымбақтарында 3,0 гектар алаңға негізгі орман құрауыш түрлердің тұқымдарын егу жүргізілді.

«Жасыл жапырақ – Зеленый лист» акциясына 13 орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі қатысты.

Ағымдағы жылғы 20 сәуірде «Жасыл жапырақ – Зеленый лист» акциясы өткізілген күні облыстық этнографиялық мұражай-қорығының Солжағалау кешенінің аумағында қайыңның, ұсақ жапырақты жөкенің, кәдімгі шетеннің, кәдімгі шағанның, ұсақ жапырақты шегіршіннің, мойылдың, еменнің 580 дана көшетін егу жүргізілді.

Облыстың орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері республикалық акцияға қатысу үшін облыстың қалалары мен аудандарының әкімдеріне екпе материалдарын сатып алуға көмек көрсетті.

Өскемен қаласында акцияға 14 оқу мекемесі қатысып, сүрек-бұта түрлерінен 644 көшет екті.

Жайластыру және көгалдандыру бойынша айлық барысында тұрғын-үй коммуналдық қызметтері, жеке тұлғалар және басқа да ұйымдар сүрек-бұта ағаш түрлерінен 31,0 мың дана көшет екті.

Ағымдағы жылы орман шаруашылығы Риддер және Өскемен мемлекеттік мекемелерінде орындалған жұмыстың көлемі үшін еңбекке ақы төлеумен жауынгерлерінің жалпы саны 20 адам «Жасыл ел» студенттердің отрядын құру жоспарлануда. Студенттер табиғат қорғау заңнамасын сақтау бойынша тұрғындардың арасында үгіт-насихат жұмыстарына қатысатын болады, орман дақылдары жұмыстарын орындайды, орман тұқымбақтарындағы күтім жұмыстарына қатысатын болады.

Жыл сайын көктемгі-жазғы маусымның 2 айы бойы жастардың қатысуымен «Жасыл бақ – таза қала», «Менің айтулы ағашым», «Саябақтар маршы» облыстық экологиялық акциялары, сондай-ақ оқу орындарының студенттері мен оқушылардың қатысуымен орман мен бақша айлықтары, «Келешек үшін өткенді сақтайық», «Тазалық күні» сенбіліктері ұйымдастырылады.

 

Табиғат қорғау іс-шаралары

2012 жылдың екінші тоқсанында Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары С.Н. Ахметовтың 2012 жылғы 26 наурыздағы тапсырмалары бойынша мәселелер белсенді пысықталды.

Берілген тапсырмаларды орындау үшін Өскемен, Семей, Риддер, Зырян, Шемонаиха қалаларында Өндірістік экологиялық мониторингтің өңірлік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің (ӨЭМӨААЖ) желісін кеңейту, сондай-ақ Өскемен қаласының және Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы тарихи радиоактивті ластануды жою бойынша бюджеттік өтінімдер әзірленді. Аталған бюджеттік өтінімдер ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне және ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне ұсынылды.

Басқарманың стратегиялық жоспарына сәйкес, «Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар» ағымдағы бюджеттік бағдарламасы бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен 4 және конкурс тәсілімен 1 мемлекеттік сатып алу өткізілді. Шарттар жасалды.

Өткізілген мемлекеттік сатып алу бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуына  мониторинг және бақылау жүргізіледі.

 

Су ресурстары

Су шаруашылығы имараттарының паспорттарын тіркеу жүргізілді (25 бірлік).

 

Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату жөніндегі әзірленген 4 қаулысына  облыс әкімінің  қолы қойылып, қазіргі уақытта Әділет органдарында тіркеу рәсімін өтуде.

1) «Шүлбі шлюзінің учаскесіндегі Ертіс өзенінің сол жағалауы мен Шүлбі су қоймасының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы»;

2) «Қазмырыш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Риддер тау-кен байыту кешенінің «Вентиляционный» және «Обручевский» шахта діңдерінің құрылысы жобаланып отырған учаскеде Быстрый ключ және Безымянный бұлақтарының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы»;

3) «Күршім ауданында «ГРК МЛД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің геологиялық бөлу аумағындағы Қалжыр өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы»;

4)«Глубокое ауданындағы «Hambledon Mining Company Limited» компаниясының «Секисовское» тау-кен кәсіпорны» еншілес жауапкершілігі шектеулі  серіктестігінің тау-кен байыту кешенінің жер учаскесі тұсындағы Секисовка және Волчевка өзендерінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы».

Бөліммен Риддер қаласының әкімшілік аумағы шекарасында су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату жөніндегі  Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің қаулысы жобасын әзірлеу және келісу жөніндегі жұмыс жүргізілуде.

Облыстық мәслихаттың жер беті су көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем ставкалары жөніндегі шешімінің жобасы әзірленді және келісілді, ол облыстық мәслихаттың кезекті төртінші сессиясында енгізіліп, бекітілді. Қазіргі уақытта мәслихаттың шешімі Әділет органдарында тіркеу рәсімін өтуде.

 

Экологиялық сараптама

2012 жылғы бірінші жарты жылдық бойынша экологиялық сараптама бөліміне қарауға  1193 құжат тапсырылған, соның ішінде қарастырылғандары 1410 құжат (2011 жылы қалған құжаттардың есебімен), қарауға қалған құжаттар - 29.

2012 жылдың бірінші жарты жылдық бойынша құжаттарды қараудың орташа мерзімі жобаға дейінгі материалдар үшін 11 күн, шекті рауалы тастанды жобалары үшін 16 күн, құрылыс және обьектілерді қайта жаңарту жобалары үшін 16 күн, шекті рауалы шығарынды жобалары үшін 16 күн, қалдықтарды орналастырудың нормативтік жобалары үшін 24 күн, физикалық әсер ету жобалары үшін 0 күн.

 

 

Экологиялық реттеу

Азаматтардың кепілді, сапалы мемлекеттік қызметті алуына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету және әкімшілік кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік экологиялық реттеу бөлімінің қызметкерлері өтінімдерді қарау мерзімдерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген 1 айдың орнына 18 күнге дейін төмендетті.

 

 

 

2011 жылы экологиялық реттеу бөлімі 410 өтінімді қарады, соның ішінде  қоршаған ортаға эмиссияға 385 рұқсат берді, рұқсат беруден бас тартылған материалдардың саны – 25.

2012 жылы экологиялық реттеу бөлімі 524 өтінімді қарады, соның ішінде  қоршаған ортаға эмиссияға 486 рұқсат берді, рұқсат беруден бас тартылған материалдардың саны – 38.

 

 

Бөлім қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат берген кезде 2012 жылы нормативті көлеммен салыстырғанда атмосфера ауасына эмиссияны 3309,377 тоннаға, су объектілеріне 441,391 тоннаға, қалдықтарды 38113,613 тоннаға төмендетті.

Жыл

2011

2012

Шығарындылар, т

5755,848

3309,377

Қосылатын су, т

1065,72

441,391

Қалдықтар, т

25871,896

38113,613

 

 

2012 жылы облыстың ІІ, ІІІ, ІV санаттағы кәсіпорындары жалпы сомасы 1 705 миллион теңгенің табиғат қорғау іс-шараларын жоспарлады, соның ішінде жасыл желектің алаңдарын арттыру - 8 миллион теңге, табиғатты пайдаланушылардың есебінен сомасы 685492 мың теңгенің экологиялық тақырыптарға арналған баннерлер мен плакаттары ілінді.

 

Жыл

2011

2012

табиғат қорғау іс-шаралары, тыс. теңге

1 946 млн

1 705

көгалдандыру, тыс. теңге

8 млн

8 млн

 

2011-2013 жылдарға арналған табиғат қорғау іс-шаралары шеңберінде «ҚР Ұлттық Банкінің Қазақстандық монета сарайы» РМК сарқынды суларды ауыр металдардан тазартатын 52,77 миллион теңгенің қондырғысын сатып алуды және қолданысқа енгізуді жоспарлап отыр.

«Өскемен конденсатор зауыты» АҚ 2011-2013 жылдары жалпы сомасы 1,7 миллион теңгенің тетіктерін химиялық өңдеумен линияға күрделі жөндеу жүргізуді жоспарлап отыр.

2012-2016 жылдар аралығында Зырян ауданының «Теплоцентраль»  кәсіпорны жалпы сомасы 944,379 миллион теңге болатын жаңа күл үйетін орынға жобалық құжаттамалар әзірлеуді және құрылысын салу жоспарлауда.

Шығыс Қазақстан облысының аумағында тұңғыш рет су қорғау белгілері орнатылуда, атап айтсақ, қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатта көрсетілген табиғат пайдаланудың ерекше шартына сәйкес «Айна» демалыс базасында. Аталған шарттың орындалу мерзімі 2012 жылдың 2 тоқсаны.

 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..