Іздеу

Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2010 жылдың

ІII тоқсанындағы жұмысы туралы есеп

 

 

Өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғау

Күз маусымында орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерімен 645 гектар жерде орманның табиғи жаңаруына жәрдемдесу орындалды, орман тұқымдарын дайындау басталды.

Мемлекеттік орман қорының аумағында ұзақ мерзімді орман пайдалану құқығын алған орман пайдаланушылармен 30 гектар жалпы алаңда орман дақылдарының егісі орындалды, орындалған жұмыстың сапасы қанағаттандырарлық.

Облыстың елді-мекендерін көгалдандыруға жәрдемдесу саласында белсенді жұмыс жүргізілді.

Елді-мекендерді көгалдандыру мақсаттары үшін, облыстың орман шаруашылығының мемлекеттік мекемелерімен 18988 дана ағаш және бұта тұқымдастарының көшеттері, оның ішінде сібір шыршасының, сібір самырсынының, кәдімгі қарағайдың, кәдімгі шетеннің, салпыншақ қайыңның, ұсақ жапырақты жөкенің, күміс тәрізді шегіршіннің, жабайы алма ағашының көшеттері босатылған.

Өскемен қаласының айналасында рекреациялық аймақты құру мақсатында,   12 гектар алаңдағы орман егісі жүргізілді, 50 мың дана кәдімгі қарағайдың және салпыншақ қайыңның көшеттері отырғызылды.

Сондай-ақ, жасыл сақинаны құру мақсатында өткен жылдың күз кезеңінде 5 гектарда шереш еменін, манчжур жаңғағын, салпыншақ қайыңды, кәдімгі шетенді, шәңгіш және долананы отырғызу тәсілімен егіс жүргізілді.

Ағымдағы жылы егіс жүргізу үшін 50 кг 1-класс сапасындағы қайыңның тұқымы босатылды.

Табиғат қорғау іс-шарасын өткізу және «Ертіс жағалауы-тазалық аумағы» деген ұранмен экологиялық акция өткізу мақсатында 1000 дана сібір шыршасының және салпыншақ қайыңның көшеттері тегін босатылды.

Жоғарыда аталған іс-шараларды жүргізу мүмкіндік береді:

1. Орман қорының орман көмкермеген жерлерін қысқартуды қамтамасыз ету.

2. Ормандардағы, орман қорының жерлеріндегі шаруашылық құнды ағаш тұқымдарының уақытында жаңаруына жәрдемдесу.

3. Ормандардың  тұқымдық құрамын жақсартуға жәрдемдесу.

4. Қоршаған ортаның сапасын жақсарту.

2010 жылғы 11 қазандағы жағдай бойынша орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерімен келесі өртке қарсы алдын алу іс-шаралары орындалды:

- минералданған жолақ жыртылды – 256 шақырым;

- минералданған жолаққа күтім жасалды – 1420 шақырым;

- демалыс және шылым шегу орындарын орналастыру – 55 дана;

- өртке қарсы күреске тағайындалған жолдарды жөндеу – 120 шақырым;

- өртке қарсы тақырыптағы аншлагтарды орнату – 427 дана;

- ауыл шаруашылық құрылымдарға нұсқамалар берілді – 486 дана;

- үнпарақ таратылды -14878 дана;

- ұйымдар мен білім беру мекемелерінде өртке қарсы күрес тақырыбында өткізілген семинарлар, лекциялар, әңгімелер – 5577 дана.

- бұқаралық ақпарат құралдарындағы баяндамалар:

газеттер мен журналдарды жарияланған мақалалар – 59 дана;

телеарна мен радиодағы баяндамалар – 16 дана.

2010 жылғы 10 қазандағы жағдай бойынша орман күзетінің қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының ормандарында өрт қауіптілік ережелерінің және санитарлық ережелердің сақталуы бойынша 2571 рейд және тексеру жүргізілді. 475 бұзушылық анықталып, сомасы 3799,22 мың теңгенің әкімшілік айыппұлы салынды, 1038,0 мың теңге өндірілді.

 

Табиғат қорғау іс-шаралары

Табиғат қорғау бағдарламалары бөлімі қоршаған ортаның сапасын басқару жүйесін оңтайландыру, атмосфера ауасын қорғау, жер ресурстарын қорғау және өндіріс пен тұрмыстық қалдықтарды пайдаға жарату, биоресурстарды қорғау және молықтыру, қоршаған ортаны қорғау саласындағы ағарту жұмысы бойынша жоспарды іске асыру, радиациялық қауіпсіздік бойынша табиғат қорғау іс-шараларын орындауда. Іс-шаралардың осы түрлерін іске асыру мақсатында ағымдағы жылдың осы кезеңінде қызметтер мен тауарларды жеткізушілермен 27 мемлекеттік сатып алу шарты жасалды.

Бөлім «Шығыс Қазақстан облысының 2008-2010 жылдарға арналған қоршаған ортасын қорғау» өңірлік бағдарламасының табиғат қорғау іс-шараларының орындалуы бойынша мониторинг жүргізуде.

Ағымдағы жылы бөлім республикалық бюджеттен қаржыландыру мақсатында облыстың елді-мекендеріндегі тазарту ғимараттарын қайта жаңарту және құрылысын салу және тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының құрылысы бойынша инвестициялық 10 жобаны қаржыландыру және іске асыру бойынша қолдағы бар жоба алдындағы және жоба құжаттамаларымен Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен жұмыс істеуде. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй - коммуналдық шаруашығы жөніндегі агенттікке, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитетіне ұсыныстар жіберілді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде алдын  ала  6 инвестициялық жоба қолдау тапты.

Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап бөлім тұрмыстық қатты қалдықтар және оларға теңестірілген өнеркәсіп қалдықтарын Өскемен және Семей қалаларында қайта өңдеу бойынша өндірістік кешендердің құрылысын салуды мемлекеттік жекеменшік серіктестігі тарапы бойынша қаржыландыру мәселесімен жұмыс істеуде.

Бөлім Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімовтың 2010 жылғы 7-8 маусымда Шығыс Қазақстан облысына келген сапарында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспарына сәйкес экологиялық төтенше жағдайларға жол бермеу бойынша уақытында шаралар қабылдау мақсатында Өскемен қаласында экологиялық болжамды талдау орталығын құру мәселесі қаралуда (Экологиялық қауіпсіздік орталығы).

Негізгі проблема қоршаған ортаның жағдайын тұрақтандыру бойынша шараларды орындауға арналған қоршаған ортаға шығарылатын эмиссиялар үшін төлемақының толық бөлінбеуі болып табылады. Оны шешу үшін бөлім бюджетті тиімді жоспарлау және орындау бойынша жергілікті арқарушы органдармен өзара жұмыс істеуде.

 

Су ресурстары

«Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының Октябрьский кентінен Бұқтырма су электрстанциясының бөгетіне дейінгі тұстамада Бұқтырма су қоймасының оң жағалауында су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысының жобасы әзірленді. Қазіргі кезде келісуден өтуде.

Бөлім мыналарға қатысылды:

- Үлкен Ұласты шекаралық өзенді ұтымды пайдалану бойынша Қазақстан –Қытай консультациясының 2-ші раундының жұмысына; консультацияны құжаттық, техникалық, әкімшілік қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді;

- Қазақстан мен Ресейдің халықаралық ынтымақтастығының VІІ форумына дайындық және оны өткізу бойынша жұмыстарға, сондай-ақ форумның шеңберінде өткізілген «Атом энергетикасы және өнеркәсіп: даму болашағы және ынтықтастық» панельді сессиясына;

- Курчатов қаласында «Семей ядролық сынақ  полигоны. Радиациялық мұра және даму болашағы» ІV халықаралық конферециясының жұмысына;

- Күршім ауданы Қалжыр ауылы тұрғындарының өтініштеріне байланысты малдың өлім-жітімге ұшырау жағдайына зерттеу жүргізу бойынша облыстық комиссияның құрамына;

- Покров карьерінің қоршаған орта мен Шемонаиха ауданы тұрғындарының денсаулығына әсерін зерттеу жөніндегі облыстық комиссияның жұмысына;

- Қазақстан Республикасы Мәжіліс Парламентінің депутаты С. Ферхоның Шығыс Қазақстан облысындағы жұмыс кестесіне сәйкес өткен Күршім ауданының тұрғындарымен болған кездесуге;

- Ертіс бассейндік кеңесінің бесінші (Өскемен қаласында) және алтыншы (Семей қаласында) мәжілістерінде;

- «Өскемен қаласының қоршаған ортасын қалпына келтіру» жобасының шеңберінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінің «SNC-Lavalin Internetional Inc» (Канада) компаниясы орындаған зерттеулердің негізінде «Жер асты суларын тазарту» құрауышы бойынша  оқыту семинарына.

 

Экологиялық сараптама

2010 жылдың үшінші тоқсанында экологиялық сараптама бөлімінің қарауына 574 құжат түсті, олардың ішінде қаралғаны 582 құжат (2009 жылдан қалғандарын ескерумен), соның ішінде: жоба алдындағы материалдар – 182, рұқсат берілген шектегі шығарындылар нормативтерінің жобалары – 225, құрылыс және объектілерді қайта жаңарту жобалары – 169, рұқсат берілген шектегі төгінділердің жобалары – 2, қалдықтарды орналастыру нормативтерінің жобалары – 4. 2010 жылдың 1 қазанында қаралуға қалған құжаттардың саны 204-ті құрады.

Қаралған 582 қорытындының 18-не келісім берілген жоқ. Келісім берілмеудің негізгі себебі – экологиялық заңнама талаптарының бұзылуы, жоба алдындағы құжаттамалардың сапасының төмендігі, есептеулердегі қателер.

 

Экологиялық реттеу

2010 жылдың III тоқсанында экологиялық реттеу бөліміне 277 қоршаған ортаға эмиссияларға өтінім келіп түсті, оның ішінде 165-і қаралған, қарауға қалғаны-112.

2010 жылдың III тоқсанында Шығыс Қазақстан облысы бойынша рұқсаттар және қоршаған ортаны ластау үшін төлемдер бойынша бірыңғай электронды жүйесінің мәліметтер базасына 158 қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат енгізілді, барлығы – 270, қалғаны-112.

 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..