Іздеу

Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2010 жылдың І тоқсанындағы жұмысы туралы есеп

 

 

Өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғау

 

Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бастығының 2010 жылғы 4 ақпандағы «2009 жылғы өртқауіптілік маусымының қорытыныдылары және 2010 жылғы өртқауіптілік маусымына дайындық туралы» № 19 бұйрығына сәйкес, орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің 2010 жылғы өртқауіптілік маусымға дайындығына тексеру жүргізілді.

2010 жылғы өртқауіптілік маусымына дайындық кезінде мынадай өртке қарсы шаралар өткізілді:

- барлық орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінде авиаорманкүзеті өкілдері және мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалануға алған орман пайдаланушылармен 2009 жылғы өртқауіптілік маусымының қорытыныдылары және 2010 жылы орманды өрттен қорғау міндеттері бойынша орман күзеті қызметкерлерінің мәжілісі өткізілді.

- қалалар мен аудандар әкімдіктерімен орман өрттерін сөндірудің жедел жоспарлары құрылып, бекітілді;

- мемлекеттік орман қоры аумағында орман өрттері пайда болған жағдайға телефон байланысы және 420 радиостанция іске қосылған хабарлау схемалары әзірленген;

- мемлекеттік орман қоры аумағында орман өрттері пайда болуы және өрт сөндіру жағдайларына азық-түлік, дәрі-дәрмек қоры қарастырылған, жанар жағармай қоры 42,5 тонна бензин, 28,7 тонна дизельді отын көлемінде құрылған;

- іске қосылған өрт-химиялық станциялар және өрт сөндіру мүкәммалдарының шоғырланған пунктерінің базасында мекемелерде жауынгерлері Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында білім алған мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет ұйымдастырылған.

- ұзақ мерзімді орман пайдаланушылар және мемлекеттік орман қорына шекаралас өзге де кәсіпорындармен орман өрттері пайда болған кезде оларды сөндіруге 1426 адам, 351 трактор, әртүрлі маркадағы 276 автомашина бөлінетіні белгіленген шарт жасалды.

Тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік мекемелер 2010 жылғы өртқауіптілік маусымға дайын екені анықталды.

Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің орман дақылдық жұмыстарға, орман дақылдарын егу және орман тұқымбақтарында егісті жүзеге асыруға дайындық жүргізілуде.

 

 

Табиғат қорғау шаралары

 

Бағалы ұсыныстар сұранымы тәсілімен  15 мемлекеттік сатып алу және конкурс тәсілімен 3 өткізілген. Тоқсан кезінде берілген іс шараларды орындау бойынша келесі келісім шарттар жасалған: қоршаған орта сапасын басқару жүйесін тиімдеу бойынша – 1; атмосфералық ауаны қорғау бойынша – 3, жер ресурстарын қорғау және тұрмыстық қалдықтарды залалсыздандыру бойынша – 1, биоресурстарды қорғау және молықтыру бойынша – 3, қоршаған ортаны қорғау саласында халық арасында ағартушылық жұмыстарының іс шара жоспарын жүзеге асыру бойынша – 8. «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу» бағдарламасы бойынша «Бұқтырма су қоймасының (оң жағалауы) су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу бойынша жобаны әзірлеу: Октябрьский кентінен бастап «Алтай Бұхта»  демалу  базасына дейін; «Худой Камень» тауынан бастап «Геолог» демалу базасына дейін» іс шараны жүргізуге арналған келісім шарт жасалған.

Атмосфералық ауаны қорғау бойынша жұмыс жоспарымен сәйкес «Ластаушы заттардың тізімінің кеңеюі бойынша Өскемен қаласының атмосфералық ауасының ластану жағдайына бақылауды қамтамасыз ету» бойынша жұмыстар орындалған.              13 ластаушы араласпалар бойынша Өскемен қаласының 3 ауданында атмосфералық ауаның ластану жағдайы туралы ақпарат берілген. Бақылау жасау тәулік бойынша жүргізілген, дем алу және мейрам күндерін қосқанда, есеп беру кезеңі кезінде барлығы 2440 сынама жасалған. Бес ластаушы араласпа бойынша қаланың                                    4 автожелілерінде қосымша ұсынылған ақпарат бойынша 52 сынама талданған. Қосымша зерттеу бойынша ШЕМЖ күндерінде және штатты емес жағдайлар кезінде сегіз ластаушы араласпа бойынша 64 сынама талданған.

Биоресурстарды қорғау және молықтыру бойынша есепті кезеңде биологиялық тепе-теңдікті сақтау мақсатында жыртқыш жануарлардың санын реттеу мақсатында 175 қасқырлар жойылған (160 қасқыр – аңшыларды сыйақыландыру мақсатында, авиациялық техникаларды қолданумен 15 қасқыр жойылған).

Аптасына 2 рет экологиялық музейде қоршаған ортаны қорғау саласында халық арасында ағартушылық жұмыстары іс шарасының жоспарын жүзеге асыру мақсатында дәрістер және семинарлар жүргізіледі.

 

Экологиялық сараптама

 

2010 жылдың бірінші кварталына арналған экологиялық сараптама бөліміне қаралуға 631 құжат түсті, оның ішінде 627 құжат қаралды (2009 жылдан қалғандарды есептегенде), сонымен қатар алдын-ала жобалық материалдар – 241, жол берілетін шекті шығындылар нормативтерінің жобалары – 187, объектілердің құрылысы мен қайта жаңарту жобалары – 195, жол берілетін шекті төгінділер нормативтерінің жобалары – 45. 2010 жылдың 31 наурыздағы жағдай бойынша қалған 253 құжат қаралуда.

Қаралған 627 қорытындының 38 келісілмеді. Келісілмеудің негізгі себептері келесідей: экологиялық заңнама талаптарының бұзылуы, жобалық құжаттама сапасының төмендігі, есептеулердегі қателер.

 

 

Су ресурстары

Шығыс Қазақстан гидрометеорологиялық орталықтың (ШҚ ГМО) ШҚО су объектілірінің гидрологиялық және гидрохимиялық режимі туралы деректеріне талдау жасады. Яғни, ШҚ ГМО деректері бойынша Шығыс Қазақстан су объектілерінің сапалық классы 2010 жылдың  I кварталында төмендегідей болды:

Ертіс өзені, Өскемен қаласы - 2 класс – таза;

Үлбі өзені, Өскемен қаласы - 3 класс – орташа ластанған;

Бұқтырма өзені, Зірән қаласы - 2 класс – таза.

2010 жылы облыстық бюджет қаражаты есебінен Шығыс Қазақстан облысының су объектілерін қорғау және сақтау мақсатында Октябрь кентінен бастап «Алтайская бухта» (20 шақырым); «Худой Камень» тауынан бастап «Геолог» демалыс базасына дейін (40 шақырым)  Бұқтырма су қоймасының (оң жағалауы) тұсында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жобасы орындалуды.

 

Экологиялық реттеу

 

26.01.2010 ж. ШҚО облыс әкімдігінде ШҚО әкімінің орынбасары Е.Б. Салимовтың қатысуымен әкімшілдік тосқауылды жою бойынша кеңес болып өтті.

27.01.2010 ж. Шығыс Қазақстан жұмысшылар Қоғамының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына «Өскеменспецкоммунтранс» ЖШС – не құрылыс қоқыстарын тарату құны жөнінде жүгінуіне байланысты төмендегі өкілдердің қатысуымен жұмыс кеңесі болып өтті:

1. ШҚ Жұмысшылар Қоғамы директорлар Кеңесінің Төрағасы –И.Шацкий;

2. Ертіс экология департаменті;

3. Қазақстан Республикасы «Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша өңіраралық инспекциясы» ММ;

4. «Өскеменспецкоммунтранс» ЖШС.

Жұмыс кеңесінде «Өскеменспецкоммунтранс» ЖШС полигонына құрылыс қоқыстарын тарату және оларды тіркеу жөн-жобасы жөнінде сұрақтар талқыланды.

2010 жылдың 03 ақпанында сағ.11.00-де Белоусовка кентінің әкімдігінде Глубокое ауданынының қатты-тұрмыстық қалдықтар полигонын заңдастыру туралы сұрақ бойынша кеңес болып өтті.

Өскемен қаласы облыстық әкімдігінде 2010 жылдың 3 наурызында өткен Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында ірі табиғат пайдаланушыларымен басымды инвестициялық жобаларды, табиғат қорғау іс-шараларын және өндірістік экологиялық бақылау бағдарламаларын орындау» атты көшпелі шағын кеңесіне қатыстық.

 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..