Іздеу

Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің

2006 жылғы жұмысы туралы есеп

 

 

Орман пайдалану

2006 жылы мемлекеттік жер иеленушілерге – 214072 м3 сүрек бөлінді, соның ішінде: күтім шабуының көлемі – 11272 м3, санитарлық-іріктеу шабуы 156300 м3 және өзгелері – 46500 м3.

Ағашты нақты шабу бойынша деректер № 3 “2006 жылға арналған ағаш шабу, орманға күтім жасау, сүрек босату, сөл ағызу шаралары және жанама орман пайдалану жөніндегі есеп” қоса беріліп отырған нысанда келтірілген.

2006 жылға ұзақ мерзімді орман пайдалануға шарт жасасқан орман пайдаланушылар үшін мынадай көлемдер бөлінді: жапырақты екпе ағаштардағы басты пайдалану бойынша – 50000 м3, күтім шабуы бойынша – 635 м3, санитарлық-іріктеу бойынша – 7200 м3.

Мемлекеттік жер иеленушілер үшін бөлінген көлемді нақты игеру – 172537 м3 құрады, демек бөлінген көлемнің 80,6 % (бұл 2006 жылдың наурызынан бастап маусым бойынша ақылы қызмет көрсету бойынша арнайы есепшоттардың жабылуымен байланысты).

Ұзақ мерзімді орман пайдалану шарттарын жасасқан орман пайдаланушылар үшін бөлінген көлемді нақтылы игеру – 31791 м3 құрады, бұл бөлінген көлемнің 31,4 пайызы.

 

Орман орналастыру және орман шаруашылығын ұйымдастыру

 

2006 жылдың 1 қаңтардағы жағдайды ескерумен салыстырғандағы орман алқаптары туралы деректер мына кестеде келтірілген:

 

Орман алқаптары

Өлшем бірлігі

1.01.06 ж. есепке алу

1.01.07 ж. есепке алу

өзгерістер

+

-

Орманы көмкерілген алаң

га

1133905

1152008

18103

 

Соның ішінде орман дақылдары

га

34287

34845

558

 

Азықтық өнімдерге арналған плантациялар

га

14

14

0

0

Түйіспеген орман дақылдары

га

4901

4074

 

-827

Орман тұқымбақтары

га

289

289

0

0

Шабылған ағаштар

га

17376

15179

 

-2197

Өртенген жерлер мен өлген екпе ағаштар

га

48566

33340

 

-15226

Алаңқай жерлер

га

122926

123134

208

 

Селдірең

га

129864

129803

 

-61

Орманы жоқ алқаптардың барлығы

га

318732

301456

 

-17276

Орман алқаптарының барлығы

га

1457841

1457841

0

0

 

Өзгерістер мынадай себептер бойынша болды:

- орманы көмкерілген алқаптар түйіспеген орман дақылдарының алаңдарын орманы көмкерілген жерлерге ауыстырудың есебінен 558 гектарға, орманның табиғи жаңаруына әсер ету шаралары жүргізілген және табиғи өсу алаңдарына ауыстырудың есебінен 17660 гектарға ұлғайды, ал жапырақты шаруашылықтағы басты мақсатқа пайдаланудың тұтас шабуын 110 га алаңда жүргізуден және басқа да шабудан (алаңдарды тазарту) – 5 га азайды;

- орманы көмкерілген алқаптардағы орман дақылдарының алаңы түйіспеген орман дақылдарын орманы көмкерілген алқаптарға ауыстырудың есебінен 558 гектарға ұлғайды;

- түйіспеген орман дақылдарының алаңы 558 га алаңдағы орманы көмкерілген алқаптарға ауыстырудың есебінен және 492 гектардағы өлген орман дақылдарын есептен шығарудың есебінен азайды, 2006 жылдың көктемінде орман дақылдарын егуден 223 гектарға ұлғайды;

- ағаш шабу алаңы жапырақты шаруашылық бойынша тұтас ағаш шабуын жүргізудің және электр берілісі желілерін тазартудың есебінен 115 гектарға, сондай-ақ шабылған ағаштардың орнына егілген 93 га алаңдағы өлген орман дақылдарын есептен шығарудың есебінен ұлғайды, ал 2006 жылы көктемгі орман дақылдарын отырғызудан 56 гектарға азайды және 2349 гектарға орманның табиғи жаңаруына әсер ету шаралары жүргізілген алаңдар мен шабылған ағаштардың табиғи өсуінен азайды;

- өртенген алаңдар мен өлген екпе ағаштар 2006 жылғы көктемде 85 га алаңға орман дақылдарын егудің есебінен 15226 га, орманның табиғи жаңаруына әсер ету шаралары жүргізілген 331 га алаңды орманы көмкерілген алқапқа ауыстырудан, табиғи өсуден – 14810 га азайды.

- алаңқай жерлердің алаңы 2006 жылдың көктемінде орман дақылдарын отырғызудың есебінен 61 гектарға, табиғи өсуден табиғи жаңаруға әсер шараларына ауыстырудан 129 гектарға азайды, ал ұлғаю алаңқай жерлерге бұрын отырғызылған 398 га алаңдағы түйіспеген орман дақылдарын есептен шығарудың есебінен жүргізілді;

- селдір ағаштардың алаңы 2006 жылдың көктемінде 21 га алаңға орман дақылдарын егудің есебінен, орманның табиғи жаңаруына әсер шаралары жүргізілген 41 га алаңды орманы көмкерілген алаңға ауыстырудың есебінен азайды, ал селдір жерлерге бұрын егілген 1 га алаңдағы орман дақылдарын есептен шығарудың есебінен ұлғайды.

 

Орман күзеті

 

Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті мен орман шаруашылығының мемлекеттік мекемелерінің негізгі міндеттері мемлекеттік орман қорын өрттен, заңсыз ағаш шабудан және өзге де орман бұзушылықтардан күзетуге бағытталған іс-шараларды жүргізу болып табылады.

Қазақстан Республикасының ормандарындағы өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтау бойынша тұрақты бақылау жасауды жүзеге асыра отырып, орман күзетінің қызметкерлері 1268 рейд пен тексеру жүргізді, бұл орайда Қазақстан Республикасының ормандарындағы өрт қауіпсіздігінің ережелерін 182 бұзу оқиғасы анықталды. Барлық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға сомасы 1170,1 мың теңгенің айыппұлы салынды, 853,1 мың теңгесі өндірілді.

Қолданылған шаралар орман өрттерінің шығуын азайтты, ал шыққан орман өрттері негізінен бас кезінде өшірілді.

2006 жылы Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментіне ведомствалық қарасты мемлекеттік орман қорының аумағында 15 орман өрті оқиғасы болды, олар 116,6 гектар орман алқабын жандырып өтті. 2005 жылмен салыстырғанда орман өрттерінің саны 1 оқиғаға азайды, ал өрт жандырып өткен орман алаңы 25,2 гектар.

Өрттің шығу себептері: ауыл шаруашылығы жерлерін өртеу – 1, ұйымдардың кінәсінен – 1, тұрғындардың кінәсінен – 4, найзағайдан – 5, анықталмаған себептер – 4.

Бір өрттің орташа алаңы, ірісін есептемегенде жалпы алаңы 6,45 гектар, 5,37 гектар ормандық, 4 гектар орман көмкерілген алаңды құрады.

Ірі орман өрті Самар мемлекеттік мекемесінде болып 41,4 га орман алаңын жандырып өтті, себебі – орманда отты абайсыз пайдалану.

Қазақстан Республикасы Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің 2006 жылғы 21 қарашадағы “2006 жылғы жаңа жыл қарсаңындағы кезеңде қылқан жапырақты жас ағаштарды қорғау туралы” № 252 бұйрығын орындау мақсатында 32 бақылау - өткізу пункті, 45 жұмылдыру тобы ұйымдастырылды.

Осы кезеңнің ішінде қылқан жапырақты жас ағаштарды заңсыз шабудың 4 оқиғасы анықталды және бұзушылардан 33 жаңажылдық шырша тәркіленді. Жүргізілген жұмыстар туралы “2006 жылғы жаңа жыл қарсаңындағы кезеңде қылқан жапырақты жас ағаштарды қорғау туралы ақпаратта” келтірілген.

Рейдтер мен тексерулер жүргізген кезде 2632 табиғат қорғау заңнамасын бұзушылық анықталды. Олардың ішінде:

- аң аулау ережесін бұзу – 349 (оның ішінде 20 дөрекі);

- заңсыз ағаш шабу деректері – 109;

- өрт қауіпсіздігінің талаптарын бұзу – 171;

- ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимін бұзу – 21;

- балық аулау және балық қорын қорғау ережесін бұзу – 497;

- өзге де орман бұзушылықтар – 1485.

Құқық бұзушылықтың негізгі бөлігін жеке тұлғалар жасайды. Барлығы 2354 бұзушылық жасалды, олардың ішінде лауазымды тұлғалармен – 39.

Анықталған бұзушылық деректері бойынша орман күзетінің қызметкерлері 2636 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасады (бұзушылық жасалған орында айыппұл салынғаны туралы түбіртектерді ескерумен). Соның ішінде:

- аң аулау бойынша – 349 (иесіз - 128);

- орман бойынша – 1785 (оның ішінде иесіз - 67);

- балық бойынша – 497 (оның ішінде иесіз - 122).

Табиғат қорғау заңнамасын бұзушыларға сомасы 4884,43 мың теңгенің 2254 айыппұлы салынды (4177,73 мың теңгесі өндірілді немесе 85,5 %). Олардың ішінде:

- аң аулау бойынша – 188 айыппұл, сомасы 628,8 мың теңге (өндірілгені 596,4 мың теңге немесе 94,8 %);

- орман бойынша сомасы 3732,89 мың теңгенің 1676 айыппұлы (өндірілгені 3061,29 мың теңге немесе 82,0 %);

- балық бойынша – сомасы 522,74 мың теңгенің 390 айыппұлы (өндірілгені 515,45 мың теңге немесе 98,6 %).

Құқық бұзушылар келтірілген залал бойынша 6738,33 мың теңгенің 180 талабы қойылды (мемлекеттің пайдасына 1504,03 мың теңге өндірілді немесе 22,3 %). Олардың ішінде:

- аң аулау бойынша – 40 талап қойылды сомасы 5056,0 мың теңге (699,4 мың теңге өндірілді немесе 13,8 %);

- орман бойынша – сомасы 1667,2 мың теңгенің 130 талабы қойылды (өндірілгені 747,4 мың теңге немесе 44,8 %);

- балық бойынша сомасы 6,13 мың теңгенің 10 талабы қойылды (толық өндірілді).

2006 жылы орман күзетінің қызметкерлері бұзушылардан 1067 браконьерлік құралын тәркіледі. Соның ішінде:

- отты қару – 117 бірлік (олардың ішінде – ойындылы – 8 бірлік);

- көлік құралы – 4 бірлік;

- заңсыз ауланған жабайы жануарлар – 329;

- заңсыз дайындалған сүрек – 61,55 м3;

- заңсыз ауланған балық – 531 кг;

- браконьерлік қалқымалы құралдар – 52 шағын қайық және үрлемелі қайық;

- аулау құралдары (ау және тор) – 541 дана (жалпы ұзындығы 14000 метрден артық);

- өзге де алынған браконьерлік аулау құралы (тұзақ, қақпан және т.б.) – 351.

Соттың шешімімен 26 браконьерлік құралы мен заңсыз ауланған өнім бірлігі тәркіленді (тәркіленген заттарды сатудан 8,8 мың теңге түсті).

2006 жылы департаментке ведомствалық қарасты мекемелер әкімшілік жауапкершілікке 2306 адамды тартты (олардың 39 лауазымды тұлғалар). Қылмыстық жауапкершілікке – 10 адам тартылды.

Көрсетілген кезеңде орман шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлер бұқаралық ақпарат құралдарында табиғат қорғау тақырыптарына арналған 50 мақала жариялады, телевизия және радиода 17 хабар жасады.

 

 

Табиғат қорғау бағдарламалары жөніндегі іс-шаралардың

орындалу барысы туралы ақпарат

 

Облыста «Шығыс Қазақстан облысының қоршаған ортасын қорғаудың 2005-2007 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы», “2007-2009 жылдарға арналған тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару” бағдарламасы Шығыс Қазақстан облысының 2005-2007 жылдарға арналған “Жасыл ел” өңірлік бағдарламасы іске асырылуда.

Табиғат қорғау бағдарламалары республикалық және жергілікті бюджеттердің қаржысы есебінен орындалуда. Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 590,3 млн теңге бөлінді, соның ішінде:

- қоршаған ортаны қорғау объектілерін дамытуға – 406,2 млн теңге;

- ормандарды қорғау, күзету және орман өсіру – 184,1 млн теңге.

Облыстық бюджеттен 539,8 млн теңге бөлінді, соның ішінде:

- қоршаған ортаны қорғау объектілерін дамыту – 213,7 млн теңге;

- қоршаған ортаны қорғау жөнінде іс-шараларды өткізу – 142,6 млн теңге;

- ормандарды қорғау, күзету және орман өсіру – 178,2 млн теңге;

- жануарлар әлемін қорғау – 5,3 млн теңге.

Аудандардың бюджеті есебінен – 33,4 млн теңге:

- қоршаған ортаны қорғау объектілерін дамытуға – 15,7 млн теңге;

- елді мекендерде жасыл аймақтарды құру, көгалдандыру – 17,8 млн. теңге.

Бағдарламаларда қойылған міндеттердің шеңберінде мынадай жұмыстар орындалды:

Атмосфера ауасының сапасын жақсарту бойынша:

Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру мәселесі жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хаттамалық шешіміне сәйкес ластаушы заттардың кеңейтілген тізбесі бойынша тәулік бойғы бақылау жалғастырылуда. Бұл атмосфера ауасының сапасы туралы шындыққа сай және жедел ақпарат алуға мүмкіндік жасайды. Жүргізілген бақылаудың нәтижесінде жоғары деңгейде ластанған аудандар анықталды (Защита станциясы мен Солтүстік өнеркәсіп торабы). Талдауға алынған мынадай сынамалардан рұқсат берілген шектегі концентрациясы артқан басым ластаушы заттар анықталды:

бенз(а)пирен (қауіптілігі 1 классты) – 52 %

азот диоксиді (қауіптілігі 2 классты) – 22 %

шаң (қауіптілігі 3 классты) – 9 %

фенол (қауіптілігі 2 классты) – 4 %

фторлы сутек (қауіптілігі 3 классты) – 1 %.

Күкірт диоксиді бойынша РБШК сынамалардың 0,5 % ғана жоғары болды. Қараша айында атмосфера ауасындағы қорғасынның концентрациясы РБШК-дан 2,8 артқаны байқалды, ПНЗ-1 ауданында (Рабочная көшесі).

Қаланың негізгі көше қиылыстарында (Әуезов даңғылы – Орджоникидзе көшесі, Абай-Бажов, Ушанов – Мызы, Ленин – Гагарин көшелерінде) ауаның құрамындағы бенз(а)пиреннің РБШК нормадан 1-ден 10,2-ге дейін артты.

Автомобиль көлігінің атмосфера ауасына тигізетін әсерін азайту мақсатында өңірлік табиғат қорғау бағдарламасының шеңберінде облысқа түсетін бензиннің сапасына бақылау жасау жүргізілуде. Ағымдағы жылы автомобиль бензиніне жүргізілген 100 кешенді сынақтың 24 үлгісі бойынша стандартқа сәйкес келмеу анықталды. Тексерудің қорытындысында 159 мың литр бензинді сатуға шектеу қойылды.

Орындалған жұмыстар Өскемен қаласында тұрақты көздерден шығатын шығарындыларды азайтуға және есепті ластану индексінің азаюына қарамастан атмосфера ауасының жағдайы жекелеген кезеңдерде сапа нормативтеріне сәйкес келмейтінін көрсетті. Оның себептері: шығарынды көздерін нормалау жүйесінің жетілдірілмегендігі, қала құрылысының тығыздалуы есебінен ластаушы заттардың атмосфераға сейілу жағдайының нашарлауы, көгалданған алаңдардың азаюы және автомобиль көліктерінің әсерінің артуы.

Солтүстік өнеркәсіп торабындағы кәсіпорындардың қоршаған ортаны ластаудағы үлесін анықтау үшін Солтүстік өнеркәсіп торабы аймағында өмір сүретін тұрғындардың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін іс-шараларды әзірлеумен санитарлық – қорғаныс аймағының жобасы аяқталуда.

Су ресурстарының сапасын жақсарту бойынша:

Бірінші рет тарихи ластау көзедеріне (иесіз) түгендеу жүргізілді және өнеркәсіп қалдықтарының 57 объектісі бойынша деректер базасы құрылды, соның ішінде 32 – жыныс үйіндісі, 25 қалдық қоймасы және қоқыр жинақтауыш және оларды жою бойынша ұсыныстар әзірленді.

Ағымдағы жылы Өскемен қаласының ішіндегі Ертіс және Үлбі өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін жобалау орындалды, бұл осы аумақтарда жер пайдаланудың арнайы режимін белгілеуге, жер үсті суларының ластануы мен қоқысталуына жол бермейді.

Қоршаған ортаны қорғау объектілерін дамыту бағдарламасының шеңберінде, әкімшісі құрылыс департаменті болып табылады, мынадай жұмыстар орындалды:

- республикалық бюдежттің қаржысы есебінен – Семей қаласындағы сарқынды суларды биологиялық тазартатын ғимараттың құрылысы – 406,2 млн.теңге;

- облыстық бюджеттің қаржысы есебінен Өскемен қаласындағы Ертіс өзені арқылы өтетін арынды канализация коллекторын қайта жаңарту бойынша жұмыстар аяқталды (сол жағалау камерасынан бастап оң жағалау камерасына дейін) – 81,5 млн.теңге, объекті 2007 жылы құбырларды салғаннан кейін пайдаланылуға беріледі. Өскемен қаласындағы КНС-25 бастап КНС-17-ге дейінгі арынды канализация коллекторының құрылысы аяқталды – 110,8 мың теңге.

Зайсан қалалық аудандық орталық ауруханасын қайта жаңарту бойынша жұмыстар толық көлемде орындалған жоқ. Бөлінген 18,4 млн теңгенің игерілмеген сомасы 7,6 млн теңгені құрайды.

Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша.

Радиоактивті ластануды залалсыздандыру бойынша жұмыстар 2006 жылы басталды, Өскемен қаласындағы Отдельная көшесіндегі ластанған учаскені қайта жаңарту жүргізілді, арнайы орынға 4 м3 радиоактивті топырақ апарылды және көмілді.

Өндіріс және тұтыну қалдықтарын пайдаға жарату бойынша.

Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру мәселесі жөніндегі ведомствааралық комиссияның 2004 жылғы 2 маусымдағы № 17-63/4-467 хаттамасына сәйкес тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарлама әзірленді және бекітілді, 2007 жылы оны іске асыру көзделуде.

Табиғат қорғау заңнамасының талаптарына сәйкес Аягөз қаласындағы тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын жайластыру бойынша (1 кезек) жұмыстар орындалды.

Жыл сайын құрамында сынабы аспаптар мен бұйымдарды жинау жүргізіледі, барлығы 800 мыңнан артық құрамында сынабы бар қалдықтар жиалды. Алайда, осыншама жинақталған құрамында сынабы бар аспаптар мен бұйымдарды қауіпсіз сақтау біраз қауіп тудырады. Аталған проблеманың басқа да өңірлерге қатысты екенін ескере отырып департамент Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі министрлікке құрамында сынабы аспаптар мен бұйымдарды демеркуризациялау бойынша учаскенің құрылысын республикалық бюджеттен қаржыландыру бойынша ұсыныс енгізді.

Өскемен қаласындағы тазарту ғимараттарының шөгіндісін пайдаға жарату мәселесін шешу үшін шөгіндіні қоректік қоспа ретінде пайдаланудың жасыл екпе ағаштарды құру, бұзылған жерлерді қайта өңдеу үшін жарамды қоспа ретінде пайдаланудың технологиясы әзірленді және серпінді жобасы енгізілді.

Қоршаған ортаның сапасын ары қарай тұрақтандыру үшін ғылыми негіз құру үшін:

Ғылыми зерттеулердің негізінде Семей қаласының экологиялық паспортын әзірлеу аяқталды. Экологиялық паспортты әзірлеу қаладағы экологиялық ахуалды басқарудың және бақылаудың пәрменді механизмін құруға мүмкіндік жасайды.

Биоресурстардың ахуалын жақсарту жөнінде мынадай жұмыстар жүргізілді:

- Зырян ауданында құндыздарды жерсіндіру;

- Ұлан және Үржар аудандарында жабайы аңдар мен құстар үшін 500 га алаңда қосымша азықтандыру учаскелерін құру;

- жыртқыш жануарлардың санын азайту бойынша (330 қасқыр мен 2000 сұр қарға жойылды);

- Батыс-Алтай қорығының аумағына іргелес алаңдардағы Қызыл кітапқа енгізілген және жойылып бара жатқан өсімдіктерге түгендеу жүргізу.

Тұрғындардың экологиялық білімі мен ағарту деңгейір арттыру бойынша:

Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған “Экологиялық таза қала” акциясы өткізілді.

Экологиялық мұражайдың базасында экологиялық тақырыптарға арналған 96 лекция оқылды, 1591 адам қамтылды. Экологиялық журналистиканың жастар клубы құрылды.

Өскемен, Семей, Риддер қалаларында “Өңірдің экологиялық саясатын қалыптастырудағы және іске асырудағы мемлекеттің, бизнестің және үкіметтік емес ұйымдардың рөлі”, “Семей қаласының экологиялық проблемалары және оларды шешу жолдары “, “Мемлекеттің, бизнестің, қоғамның экология саласындағы өзара ынтымақтастығының өзекті мәселелері” тақырыптарына арналған үш конференция өткізілді.

Ай сайын «Табиғат тынысы» және «Жасыл әлем» телехабарлары жүргізіледі, экологиялық тақырыптарға арналған бейнероликтер көрсетілуде.

Облыстық «Рудный Алтай» және «Дидар» газеттерінің беттерінде экологиялық тақырыптарға арналған 53 мақала жарияланды, ай сайын «Зеленый лист» жастар газеті шығарылып облыс мектептеріне таратылады. -prirodavko.ukg.kz экологиялық сайты жұмыс істейді, оны 14 мыңнан артық адам оқыды.

 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..