Іздеу

«Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

2013 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы

ЕСЕБІ

 

 

2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап Басқарма келесі жұмыстарды атқарды:

Орман ресурстарын қорғау, молықтыру және пайдалану бөлігінде:

Қолданыстағы орман заңнамасына және 2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасын негізге ала отырып, Басқармаға ведомстволық қарасты 13 орман шаруашылығы мекемесі мен Орман және аңшылық шаруашылығының жедел қимыл отряды табиғат байлығын сақтау және көбейту бойынша мақсатқа лайықты тұрақты жұмыстар жүргізуде. Жүргізілген орман орналастыру материалдарына сәйкес орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелерінде мемлекеттік орман қорының орманы көмкерілген алаңдары 118 мың гектарға ұлғайды. Бұған табиғи өсудің, орманның табиғи жаңартуына әсер ету шараларын жүргізудің және жүргізілген орман дақылдары жұмыстарының алаңдарын арттырудың есебінен қол жеткізілді.

 

 

Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің материалдық-техникалық базасы біршама нығайтылды, жыл сайынғы ормандарды қалпына келтіру жұмыстарының көлемдері ұлғаюда, орман өрттерінің саны азайды.

Ағымдағы жылы Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының хаттамалық тапсырмасын орындау және ормандарды браконьерліктен қорғау мақсатында 13 стационарлық посты қойылды, мемлекеттік орман қорының аумағында 9 жұмылдыру тобы жұмыс істейді.

Сүрек дайындау бойынша ұзақ мерзімді орман пайдаланушыларды шақыртумен мәжіліс өткізілді, сондай-ақ орман заңнамасының талаптарын және облыстық прокуратура алқасының хаттамалық тапсырмасын түсіндірумен орман пайдалану проблемалары бойынша барлық орман шаруашылығы мекемелеріне барумен мәжілістер өткізілді.

Ағымдағы жылдың көктемінде 570 гектар аумақта орман дақылдарын отырғызу жүргізілді, соның ішінде: орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері 521 гектар, мемлекеттік орман қорының учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану құқығын алған орман пайдаланушылар 49 гектар. Көлемі 10 гектар жерге күзгі ағаш егу жоспарланып отыр.

 

 

Орман тұқымбақтарында 3,0 гектар алаңға негізгі орман құраушы түрлердің тұқымдарын егу жүргізілді. 12 орман тұқымбағына өсірілетін екпе материал Басқарманың стратегиялық жоспарында қарастырылған көлемде орман дақылдарын егуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Басқарма жыл сайын көгалдандыру іс-шараларын жүргізу мақсаттарына түрлі сүрек-бұта түрлерінен екпе материалдар босатады. Ағымдағы жылдың көктемінде түрлі көгалдандыру акцияларының шеңберінде, соның ішінде «Жасыл жапырақ – Зеленый лист» республикалық акциясына 117 мыңнан артық дана көшет босатылды.

Аталған тапсырманы орындауға жәрдем көрсету үшін Басқарма облыстың қалалары мен елді-мекендерін көгалдандыру бойынша ұсыныстар әзірледі (қоса беріліп отыр).

Көгалдандыру көлемінің ұлғаюына байланысты өсірілетін сүрек-бұта түрлерінің (ұсақ жапырақты жөке, қабыршақ емен, кәдімгі шетен және т.б.) түр-жиынын кеңейту және көбейту жұмыстары жүргізілуде. Ірі көлемдегі екпе материалын өсіру көлемі ұлғаюда. Ағымдағы жылы жалпы алаңы 5,6 гектар жерде плантацияның іргетасы қаланып, 156,0 мыңнан астам дана көшет отырғызылды. Аталған мақсаттар үшін облыстық бюджеттен 2013 жылы бірінші рет 18,0 миллион теңге бөленді.

 

 

Орман өрттерін алдын алу және ескерту бойынша жұмыс жоспарлы және тұрақты жүргізіледі. Орман шаруашылығы мекемелерінде бұрынғы өрт сөндіру-химиялық станцияларының базасында 13 мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет (МӨҚҚ) және 40 өрт сөндіру мүкәммәлін шоғырландыру пункті жұмыс істейді, оларға 22 өрт сөндіру және 60 патруль машинасы, 27 трактор, 66 мотопомпа және басқа да өртке қарсы мүкәммәл бекітілген.

- орман шаруашылығының барлық мекемелері қалалардың және аудандардың әкімдерімен бірлесіп орман өрттерін өшірудің жедел жоспарларын жасады және келісімін алды;

- орман өрттері шыққан жағдайда хабар беру сұлбалары әзірленді, оған телефон байланысы мен түрлі үлгідегі радиостанциялар тартылды;

- мемлекеттік орман қорының аумағында орман өрттерінің шығуы және оларды өшіру жағдайына азық-түлік, дәрі-дәрмек запасы қарастырылған, 51,3 тонна бензин, 48,0 тонна дизель отыны көлемінде жанар-жағармай материалдарының қоры құрылды;

- ұзақ мерзімді орман пайдаланушылармен және мемлекеттік орман қорымен шекаралас кәсіпорындармен және ұйымдармен орман өрттерін өшіру кезінде өзара әрекеттестік бойынша шарттар жасалды, онда орман өрттері шыққан кезде оларды өшіруге қоғамдық өрт сөндіру бірлестіктерінен 2588 адам, 266 трактор, 217 әртүрлі маркідегі машина тарту көзделген.

Орман шаруашылығы мекемелерінің жауынгерлік дайындықтарын тексеру үшін ауылдық аймақтардың тұрғындарын және ауданның күш пен құралын тарту жоспарына енгізілген құрылымдарды тартумен өрт сөндіру – тактикалық оқу-жаттығулары өткізілді.

Орман күзеті қызметкерлері мен инженер-техник қызметкерлерді оқыту және нұсқаулық беру бойынша орман-дала өрттерін өшіру, сондай-ақ оларды өшірген кездегі қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша сабақтар өткізілді.

Профилактикалық және орман өрттерінің алдын алу бойынша шектеу іс-шаралары жоспарланған мерзім мен көлемге сәйкес жүргізіледі:

а) жыртылған жолаққа күтім жасау – 199 шақырым;

б) өртке қарсы тақырыптардағы 50 аншлаг орнатылды;

в) жолдың құрылысы – 25 шақырым;

г) жолдарды жөндеу – 45 шақырым;

д) жолақ жырту – 90 шақырым.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде Күршім, Риддер, Асу-Бұлақ орман шаруашылықтарының аумақтарында жалпы алаңы 3,3 гектар, жалпы шығыны 32,7 мың теңге болатын 3 орман өрті оқиғасы болды. Өрттің шығу себебі – найзағай (1), отты абайсыз пайдалану (1), оттың әкімдіктердің запастағы жерлерінен ауысуы (1).

 

 

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Төтенше жағдайлар министрлігі арасындағы келісім-шарттың шеңберінде «Алтай өлкесінің орман басқармасы мен Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының арасында 2012-2014 жылдарға арналған орман өрттерінің алдын алу, табу, өшіру және өзара көмек көрсету бойынша өзара іс-әрекеттестік туралы» келісімге қол қойылды.

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан мен Алматы, Қарағанды және Павлодар облыстарының 2013-2015 жылдарға арналған өңіраралық ынтымақтастық шеңберінде Шығыс Қазақстан мен Алматы, Қарағанды және Павлодар облыстарының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармалары арасында орман-дала өрттерін ескерту, алдын алу және ақпараттық-тәжірибелік өзара көмек бойынша өзара іс-әрекеттестік туралы іс-шаралар жоспары жасалды.

Орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің негізгі міндеттерінің бірі - орман ресурстарын ұтымды пайдалануды ұйымдастыру болып табылады.

«Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөнінде тендерлер өткізу ережесіне» сәйкес ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында 2013 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 161 ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты қолданыста, соның ішінде 77 мәдени-сауықтыру мақсаттары, 51 омарта орналастыру, 2 марал шаруашылығын жүргізу, 2 шөп шабу, 8 мал жаю, 21 сүрек дайындау бойынша, соның ішінде 10 шарт сотта қаралуда.

Ағаш шабудың барлық түрі бойынша ағымдағы жылғы рұқсат берілген кеспеағаш қорының жалпы көлемі 238,4 мың текше метр болды. Ағаш шабудың барлық түрі бойынша дайындалған сүректің көлемі 73,8 мың текше метрді құрайды немесе 31,0 %-дан артық емес, соның ішінде ұзақ мерзімді орман пайдаланушылардың шапқаны 24,3 мың текше метр (27,0 %). 2013 жылы   кеспеағаш қорын игеру жалғастырылуда.

Өңірдегі ағаш өңдеу саласын дамытуға жәрдем көрсету бойынша шаралар қабылдануда.

2013 жылғы 7 маусымда өткізілген «Жасыл экономика – Қазақстанның дамуының жаңа бағыты» экологиялық форумның барысында «Сүрек тақтайларының өндірісі» және «Цемент плиталарының өндірісі» 2 жобаның тұсаукесері болды. Аталған бағытқа қазіргі кезде «Лениногор орманөнершар», Риддер қаласы, «Қазақстан» ӨК, Зырян қаласы, «Омаров және К» ЖШС, Глубокое ауданының Черемшанка ауылы сияқты ұзақ мерзімді орман пайдаланушылары қызығушылық танытты.

Сүрек қалдықтарынан отындық брикет бойынша жоба бар. Бұл - «Семей Орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының күйген жерлеріндегі «Эко-Отын» кәсіпорны, Бесқарағай ауданы. Қазіргі кезде жоба Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде келісімнен өтуде.

 

 

 

Жануарлар әлемін қорғау, молықтыру және пайдалану саласында:

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жабайы жануарлардың негізгі кәсіптік түрлерін тұрақтандыру және санын көбейту, облыста аңшылық – кәсіптік саланы дамыту мақсатында жануарлар әлемін қорғау және оның билологиялық әртүрлілігін сақтау бойынша мақсатқа лайықты жұмыстар жүргізілуде.

7 айда 1310 рейдтік (стратегиялық жоспардың көрсеткіштері 26,2 % орындалды) және жануарлар әлемін қорғау бөлігінде табиғат қорғау заңнамасын сақтау бойынша 5 іс-шара жүргізілді.

Жыл басынан бері 317 табиғат қорғау заңнамасын бұзу тіркелді (соның ішінде: аң аулау ережесін бұзу – 81, балық аулау ережесін бұзу – 97). Бұзушыларға сомасы 2121,5 мың теңгенің әкімшілік айыппұлы салынды (сомасы 1616,3 мың теңгенің айыппұлы өндірілді немесе 76,1 %). Сомасы 825,5 мың теңгенің талабы қойылды (сомасы 398,0 мың теңгенің талабы өндірілді немесе 48,2 %). Браконьерліктің 89 құралы алынды (ау, тор, қару, қармақ).

 

 

Басқарма жүргізіп отырған іс-шаралардың нәтижесінде мемлекеттік орман қорындағы жабайы жануарлардың негізгі аңшылық – кәсіптік түрлерінің өсіп-өнуін тұрақтандыруға және олардың сандарының тұрақты өсуіне қол жеткізілді.

Жабайы тұяқты жануарлардың саны 2006 жылдан бастап ағымдағы ай бойынша 69,4 %-ға көбейді (бұлан – 1484-тен 2524-ке дейін; кермарал – 2391-ден 3808-ге дейін; сібір елігі – 10862-ден 14873 басқа дейін).

Облыстың аумағында құстың 379 түрі мен сүт қоректілердің 110 түрі мекендейді, сондай-ақ сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлардың 50 түрі кездеседі. Мамыр айында Күршім ауданында сақтау мақсатында еркіндікке 99 ителгі жіберілді.

Жабайы тұяқты жануарлар санының өсуі үшін жағдай жасауға бағытталған биотехникалық іс-шаралар тиімді жүргізілуде.

13 орман шаруашылығының аумағында 78 қасқыр (стратегиялық жоспардың көрсеткіштері 8,1 % орындалды),  аңшылық алқаптардығы 412 тағыланып кеткен ит атылды (Басқарманың стратегиялық жоспарының 100 %).

Орманда және суда жүзетін құстар ұя салатын орындарда 764 сұр қарға жойылды (Басқарманың стратегиялық жоспарының 100 %). Орманда және суда жүзетін құстар санының өсуі үшін жағдай жасау үшін суда жүзетін құстар ұя салатын орындарда 363 жасанды ұя орнатылды (стратегиялық жоспардың көрсеткіштері 72,6 % орындалды).

Облыстағы аңшылық алқаптарының жалпы көлемі 23087,7 мың га құрайды, онда 44 аңшылық шаруашылығы өздерінің қызметтерін атқарады.

Бүгінгі күні мемлекеттік орман қорының аумағында орналасқан 261,3 мың гектар жер бекітілмеген күйінде қалуда (резервтік аумақ), жалпы алаңның 1,2 % құрайды.

Барлық жерде жануарлар әлемін қорғау және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауды насихаттау бойынша жұмыстар жүргізілуде:

1) 83 аншлаг орнатылды;

2) бұқаралық ақпарат құралдарында табиғат қорғау тақырыбына арналған 14 мақала жарияланды;

3) жергілікті тұрғындармен қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарау туралы 1028 әңгіме өткізілді.

Мемлекеттік орман қорының аумақтары мен оларға іргелес учаскелердегі жоғары вольтты электр берілісі желілерінің тіректеріндегі жыртқыш құстардың өлімін тексеру бойынша жұмыстар басталды.

 

Экологиялық реттеу бөлігінде:

Азаматтардың кепілді, сапалы мемлекеттік қызметті алуына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету және әкімшілік кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік экологиялық реттеу бөлімінің қызметкерлері өтінімдерді қарау мерзімдерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген 30 күннің орнына 10 күнге дейін төмендетті.

2013 жылдың І жартыжылдығында экологиялық реттеу бөліміне 432 өтінім түсті (соның ішінде 429 электронды әдіспен, 1 өтінім халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы, 2 өтінім қолмен әкелінді), 415 өтінім қаралды (16 өтінім өткен жылдан қалған), соның  ішінде  қоршаған ортаға эмиссияға 396 рұқсат берді, рұқсат беруден бас тартылған материалдардың саны – 18 (соның ішінде 9-ы табиғат пайдаланушылардың бастамасымен). Қарауда қалғаны - 17.

Бөлім 2013 жылдың 5 айында қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат берген кезде эмиссия көлемі: атмосфера ауасына 3601,265 тонна, су объектілеріне 211,774 тонна, қалдықтар 11005 тоннаны құрады.

 

 

Табиғат қорғау бағдарламаларын іске асыру бөлігінде:

2013 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаны қорғауға кеткен қаржы 7134,5 миллион теңгені құрайды (барлық деңгейдегі бюджеттердің қаржысы есебінен).

2013 жылы республикалық бюджеттен қыржыландыру мақсатында бюджеттік табиғат қорғау инвестициялық жобаларын қалыптастыру және жылжыту бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижесінде келесі табиғат қорғау іс-шараларын қаржыландыру қолдау тапты: Өскемен қаласы, Зайсан қ., Риддер қ., Курчатов қ., Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылының тазарту ғимараттары мен су бұру желілері; Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының КНС-27-ден КНС-30-ға Ертіс өзені арқылы канализациялық дюкерді қайтар жаңарту; Аягөз қ., және Үржар ауылында сыйымдылығы 120 мың текше метрге дейінгі тұрмыстық қатты қалдықтар және өзге де қалдықтар полигонының құрылысы.

Басқармамен табиғат қорғау іс-шаралары орындауға арналған 24 шарт жасалды.

1. 254 002 000 «Су объектілерінің су қорғау аймақтары мен су объектілері белдеулерін белгілеу» бюджеттік бағдарламаның шеңберіндегі іс-шараларды және су ресурстарына антропогендік келеңсіз әсерді төмендетуге және оның сапасын жақсартуға бағытталған өңірлік экологиялық саясатты қаржыландыруға бағытталған.

2013 жылдың өткен кезеңінде бағдарлама бойынша бөлінген бюджет қаржысын игеру 100 % құрайды (2750,0 мың теңге).  Өскемен қаласының әкімшілік аумағының шекараларындағы шағын өзендер мен бұлақтардың су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу бойынша жоба әзірленуде.

2. 2013 жылға арналған 254 008 000 «Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар» бюджеттік бағдарламасы 171108,0 сомасында бекітілген.

Аталған бағдарламаның шеңберіндегі іс-шаралар қоршаған ортаға антропогендік қызметтің келеңсіз әсерін төмендетуге және оның сапасын жақсартуға бағытталған өңірлік экологиялық саясатты қаржыландыру мақсатында жүзеге асырылады.

2013 жылдың өткен кезеңінде аталған бағдарлама бойынша бюджеттік қаржыны игеру 100 %-ды құрайды (77598,0 мың теңге).

Табиғат қорғау іс-шаралары орындалуда:

1)  мыналарды жүргізу арқылы қоршаған ортаға тигізілетін келеңсіз әсерді азайту:

- Өскемен қаласында Өңірлік өндірістік экологиялық мониторингтің автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің (ӨӨЭМААЖ) және Экологиялық қауіпсіздік орталығының (ЭҚО) жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

- Семей қаласында демеркуризациялау учаскесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету (демеркуризациялау қондырғысында саны 298793 дана құрамында сынабы бар қалдықтарды демеркуризациялау (пайдаға жарату) жүргізілді);

- бюджеттік ұйымдардан саны 42857 дана құрамында сынабы бар қалдықтарды жинау және сақтау;

- Өскемен қаласының аумағында радиоактивті ластанған анықталған ошақтардың 3 учаскесін жою;

 

 

- Өскемен қаласындағы тазарту ғимараттарының шөгінді қалдықтарын пайдаға жарату, Өскемен қаласы Щербаков көшесіндегі КСМ ауданында кірпіш балшығының Защита кен орнында жұмыс істеп болған № 1 карьердің бұзылған жерлерін қайта өңдеу бойынша жобалық шешімдер әзірлеу, тазарту ғимараттарының аумақтарында механикалық экскавация әдісімен көлемі 13023 текше метр шөгінді қалдықтарды қосымша кептіру орындалды.

 

 

2) табиғи ресурстардың жағдайын жақсарту бойынша:

- Үржар, Ұлан және Көкпекті аудандарының алқаптарындағы жабайы аңдар мен құстар үшін табиғи азық базасын молықтыру мақсатында биотехникалық іс-шаралар жүргізілуде - 375 гектарға тары және 250 гектарға арпа егілді. Жыртқыш аңдардың санын реттеу мақсатында 254 қасқыр, 15 бөлтірікті ату, қабылдау және көму жүргізілді.

3) қоршаған ортаға саналы қатынасты қалыптастыру бойынша:

- облыстық акция өткізіліп, оның барысында қаланың тұрғындарын, студенттерді және мектеп оқушыларын тартумен қаланың аумағы мен өзендердің жағалауларын жинау бойынша жұмыстар жүргізілді. Облыстың елді-мекендерінде ағаштар мен бұта отырғызу ұйымдастырылды (700 дана көшет), соның ішінде Өскемен, Семей, Риддер қалаларының білім беру мекемелерінің, КСК, бизнес құрылымдары және т.б. аумақтарында;

- Шығыс Қазақстан облысының телевизия арналарында оқыту-танымдық және ақпараттық-талдау хабарларының топтамасы эфирге шығарылды;

- бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде экологиялық материалдар жарияланды («Рудный Алтай» және «Дидар» газеттерінде);

- мақалалар, редакция, түзету, аударма, фото түсіру әзірленді, журналдың және экологиялық күнтізбенің дизайнін әзірлеу, фотосуреттерді өңдеу орындалды;

- жазғы каникул кезеңінде балалардың сауықтыру лагерьлерінде экологиялық ағарту және білімі беру бойынша ұйымдастыру іс-шаралары өткізілді, жазғы экологиялық лагерьді жүзеге асыру үшін база дайындалды;

- Өскемен қаласының көшелерінде экологиялық бағыттағы баннерлерді ары қарай орнату үшін сыртқы экологиялық жарнамалар бойынша материалдарымен 8 түсті эскизді дайындау және келісу бойынша жұмыстар жүргізілді;

- «Жасыл экономика – Қазақстанның дамуының жаңа бағыты» экологиялық форум өткізілді.

Форумның қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мен Қазақстан Республикасы ҚОҚМ арасында хаттама жасалды.

Аталған хаттаманы орындау бойынша іс-шаралар жоспары жасалды, іс-шаралар жоспары көршілес облыстардың әкімдіктеріне бірлескен жұмыс үшін жіберілді.

Хаттаманың тармақтарын орындау тұрақты бақылауда.

 

Мемлекеттік экологиялық сараптама бөлігінде:

Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу бөлігінде жергілікті атқарушы органдардың құзырына ІІ, ІІІ, VІ санаттардағы материалдарды қарау жатқызылады.

Экологиялық сараптамаға 707 құжат түсті, 662 құжат қаралды (2012 жылдан қалған 28 құжатты есепке алумен), соның ішінде: 496-на мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы берілді, 12-не теріс қорытындысы берілді, 154 қайтарылды. 24 құжат бойынша сараптама жүргізуден ерікті түрде бас тартылды.

Қазіргі кезде қарауда 49 құжат бар. Құжаттарды қараудың орташа мерзімі 19 күнді құрайды, бұл белгіленген мерзіммен салыстырғанда біршама аз, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу мерзімі 1 айдан аспауы керек.

Келісім берілмеудің негізгі себебі: экологиялық заңнаманың талаптарын бұзу (жоба шешімдеріндегі дәлсіздіктер, шындыққа сай ақпараттың болмауы, объектінің санитарлық-қорғаныс аймағы режимін сақтамау), жоба құжаттамаларының сапасының төмендігі, есептеулерде кеткен қателіктер және құжаттардың құрамының толық болмауы (СЭС-тің, бассейндік инспекцияның қорытындыларының, ОСОС бөлімінің, жер ресурстарын басқару органдарының келісімдерінің, бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге арналған өтінімнің болмауы).

 

 

Азаматтардың сапалы мемлекеттік қызмет алуға кепілді тең қол жеткізулерін қамтамасыз ету және әкімшілік кедергілерді жою мақсатында Басқарманың сайтында мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу тәртібі туралы ақпарат, сондай-ақ экологиялық сараптама бөліміне қарауға түскен құжаттамалардың саны және қараудың нәтижесі туралы мәлімет апта сайын орналастырылып тұрады.

Бұған қоса, қызметтік этиканың талаптары мен нормаларын орындау және тұрғындарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсету мақсатында көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасы мен қолжетімділігін анықтау мақсатында мемлекеттік экологиялық сараптамаға тапсырыс берушілердің арасында сауалнама жүргізіледі (ІІ, ІІІ, VІ санаттардағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларын беру).

 

Су ресурстарын қорғау және пайдалану бөлігінде:

Жүргізілетін іс-шаралардың тиімділігінің көрсеткіші судың сапасының көрсеткішін тұрақтандыру болып табылады. Облыстың жер үсті су объектілерінің сапасының ахуалы  «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша 2013 жылдың І жартыжылдығында тұтас алғанда жақсы көрініс беруде, су негізінен 2 және 3 –ші сыныптарға сәйкес келеді «таза» және «орташа таза» (тарихи ластанумен залал келтірілген техногендік жүктемедегі аудандардың өзендерін қоспағанда – Риддер қаласындағы Үлбі және Тихая өзендері, Глубокое ауданындағы Глубочанка және Красноярка өзендері).

 

 

2013 жылы «ШҚО Өскемен қаласының әкімшілік аумағының шекараларындағы шағын өзендер мен бұлақтардың су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу бойынша жобаны әзірлеу» жүргізіледі. Жылдың жоспар – 8326,0 мың теңге. 2013 жылдың І жартыжылдығындағы жоспар 100 %-ға орындалды. Облыс әкімдігінің қаулыларымен облыстың су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу бойынша жұмыстар жалғастырылуда. Ағымдағы жылдың аяғына дейін стратегиялық жоспардың көрсеткіштері толық орындалатын болады.

Басқарма шекарааралық су объектілері бойынша Қазақстан-Қытай бірлескен комиссияның келіссөз жүргізу үдерісіне белсенді қатысуда.

Ертіс бассейндік кеңесінің мәжілісін дайындауға қатысты.

Қазақстан Республикасының Су ресурстарын басқару бойынша мемлекеттік бағдарламаға ұсыныстар әзірленді және жіберілді.

Коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы ғимараттарын басқару бойынша бөлім мен «Шығыс су қоймалары» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны бірлесіп жұмыс істейді. Кәсіпорын сумен қамтамасыз ету, сондай-ақ су шаруашылығы жүйелері мен су қоймаларын пайдалануға қосу және жөндеу саласында шаруашылық қызметті жүзеге асырады.

Су шаруашылығы ғимараттарын оңалту шеңберінде Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігіндегі су шаруашылығы ғимараттары үшін төлқұжаттар мен пайдалануға қосу ережесін әзірлеу жалғасын табуда. Есепті кезеңде 62 төлқұжат орындалды (жылдық жоспар 73 төлқұжаттың 85 % құрайды). Барлығы ағымдағы кезеңде көзделген 119-дың (91 %) 108 төлқұжатты тіркеу жүргізілді.

«Шығыс су қоймалары» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны қазіргі кезде 108 су шаруашылығы ғимаратын ұстауда және пайдалануға қосуда.

 

 

Су шаруашылығы ғимараттарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде су тасқыны іс-шараларын жоспарлау және ТЖ және аудан әкімдіктерінің қызметтерімен өзара іс-әрекеттің тиімді сұлбасын іске асыру жүргізілуде. Су тасқыны кезінде тұрақты негізде «Шығыс су қоймалары» КМК, «Қазсушар» РМК және басқа да меншік иелері кәсіпорындарының баланстарына бекітілген су тоғандарындағы судың деңгейін бақылайды, су шаруашылығы ғимараттарын қауіпсіз пайдалану бойынша бірлесіп шаралар қабылдау үшін су пайдаланушалармен жұмыс жүргізеді. Су тоғандарында балық шаруашылығымен және өнеркәсіптік қызметпен айналысатын заңды тұлғалармен су тасқыны бойынша іс-шаралар жүргізу бойынша су шаруашылығы ғимараттарын қауіпсіз пайдалануға қосу жөнінде бірлескен шаралар қабылдау үшін су пайдаланушылармен жұмыс жүргізеді.

Жергілікті билік органдары «Шығыс су қоймалары» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен бірлесе отырып, тасқын сумен су басу қаупі төнген кезде тұрғындарға хабарлау сұлбасы әзірленді, онда ауылдық аймақтардың жауапты қызметкерлері мен кезекші автомобильдері көрсетілген. Су тасқыны көп болатын жерде жергілікті тұрғындарды тартумен тәулік бойғы кезекшілік орнатылады.

 

Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2012 жылдың

ІII тоқсанындағы жұмысы туралы есеп

 

 

Өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғау

2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» бағдарламасын іске асыру шеңберінде орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімі ормандар мен жануарлар әлемін қорғау саласында табиғат қорғау заңнамасының сақталуы бойынша 5940 рейд пен тексеру жүргізді.

614 табиғат қорғау заңнамасын бұзушылық анықталды, әкімшілік жауапкершілікке 343 жеке тұлға тартылды.

Сомасы 1755,2 мың теңге талап қойылды, 1300,9 мың теңге өндіріліп, төленді. Сомасы 4090,4 мың теңге айыппұл салынды, 3531,9 мың теңге өндірілді.

Ағымдағы жылы жалпы алаңы 1442 гектар аумақта орманды қалпына келтіру іс-шаралары жоспарланған, соның ішінде 570 гектарға ағаш егілді, орманның табиғи қайта жаңаруына әсер ету шаралары жоспардағы 872 гектардың орнына 800 гектар жерде жүргізілді.

Жалпы Шығыс Қазақстан облысы бойынша ағымдағы жылғы 13 қыркүйектегі жағдай бойынша жалпы алаңы 180,9 гектарда 198 орман өрті оқиғасы тіркелді, соның ішінде орман көмкерген алаң 105,7 гектар.

Мемлекеттік орман қорының әкімдікке ведомстволық қарасты аумағында жалпы алаңы 30,8 гектар 17 орман өрті оқиғасы тіркелді, соның ішінде орман көмкерген алаң 15,81 гектар.

Жанудың негізгі себебі отты дұрыс пайдаланбау болып табылады.

Көркейту мен көгалдандыру деңгейін әрі қарай арттыру мақсатында облыс әкімдігінің 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 73 қаулысына сәйкес ағымдағы жылдың сәуір, мамыр айларында облыстың қалалары мен аудандарында көркейту және көгалдандыру бойынша іс-шаралар өткізілді, олардың барысында 7 сенбілік ұйымдастырылды.

Ағымдағы жылғы тамызда орман шаруашылығы мамандарының қатысуымен үздік көркейтуге арналған «Үздік шағын қала», «Үздік ауыл» облыстық конкурстары өткізілді.

 

 

Табиғат қорғау іс-шаралары

2012 жылдың үшінші тоқсанында Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімовтың 2012 жылғы 19 шілдедегі және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары С.Н. Ахметовтың 2012 жылғы 26 наурыздағы тапсырмалары бойынша мәселелер белсенді пысықталды.

Берілген тапсырмаларды орындау үшін Өскемен, Семей, Риддер, Зырян, Шемонаиха қалаларында Өндірістік экологиялық мониторингтің өңірлік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің (ӨЭМӨААЖ) желісін кеңейту, сондай-ақ Өскемен қаласының және Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы тарихи радиоактивті ластануды жою бойынша бюджеттік өтінімдер әзірленді. Аталған бюджеттік өтінімдер ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне ұсынылды.

Қазіргі уақытта Астана қаласында ӨЭМӨААЖ-нің презентациясын ұсыну мәселесі талқылануда.

Өткізілген мемлекеттік сатып алу бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуына  мониторинг және бақылау жүргізіледі.

 

 

Су ресурстары

Бөлім Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату жөніндегі 2 қаулысының жобасын әзірлеу және келісу бойынша жұмысты жалғастыруда.

Есептік кезең ішінде ««Шығыс Қазақстан облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары» туралы 2009 жылғы 21 желтоқсандағы №17/225-IV шешімге өзгеріс енгізу туралы» шешім бөліммен әзірленіп,  Шығыс Қазақстан облысының облыстық мәслихатымен қабылданды.

Сонымен қатар, бөлім қызметкерлері Бородулиха ауданына, Ұлан ауданындағы Шалқар көлінің мәселесі жөнінде жұмыс сапарымен шықты. Астана қаласында өткен «Жасыл экономика арқылы тұрақты даму жолында» атты семинарға қатысты.

 

 

Экологиялық сараптама

2012 жылғы 9 ай бойынша экологиялық сараптама бөліміне қарауға  1594 құжат тапсырылған, соның ішінде қарастырылғандары 1776 құжат (2011 жылы қалған құжаттардың есебімен), қарауға қалған құжаттар - 64.

2012 жылдың 9 айы бойынша құжаттарды қараудың орташа мерзімі жобаға дейінгі материалдар үшін 11 күн, шекті рауалы тастанды жобалары үшін 14 күн, құрылыс және обьектілерді қайта жаңарту жобалары үшін 15 күн, шекті рауалы шығарынды жобалары үшін 20 күн, қалдықтарды орналастырудың нормативтік жобалары үшін 20 күн, физикалық әсер ету жобалары үшін 0 күн.

 

 

Экологиялық реттеу

Жергілікті деңгейде  рұқсат беру жүйесін оңтайландыру, кәсіпкерлік сұрақтар бойынша әкімшілдік тосқауылдарды азайту, және азаматтардың кепілді сапалы мемлекеттік қызметті тең алуына қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында экологиялық реттеу бөлімінің мамандарымен қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу өтінімдерін қарау ҚР тағайындалған заңнамасына сәйкес 30 күн мерзімнен 13 күнге дейін азайтылды.

2011 жылы Экологиялық реттеу бөлімімен қоршаған ортаға эмиссияларға  рұқсат алу үшін 195 өтінім қаралды, оның ішінде 173 өтінімге рұқсат беріліп, 20 өтінім материалдары қайтарылды.

2012 жылы қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін 172 өтінім қаралды, оның ішінде 166 өтінімге рұқсат беріліп, 6 өтінім материалдары қайтарылды.

2012 ж қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру барысында бөліммен атмосфералық ауаға эмиссия көлемі 54178 тоннаға, су объектілеріне 10,209 тоннаға, қалдықтар 424,937 тоннаға дейін нормативті көлеммен салыстырғанда азайтылды.

жыл

2011ж

2012ж

шығарындылар, т

32482

54178

төгінділер, т

8,944

10,209

қалдықтар, т

70,444

424,937

 

2012 жылы II, III, және  IV санаттағы нысандар үшін облыстық өндірістермен табиғатты қорғау іс-шараларына жалпы есеппен алғанда 1 445 млн. теңге жұмсау жоспарланған, оның ішінде 8 млн.теңге жасыл желек алаңдарын кеңейту үшін жоспарланған болса, табиғат пайдаланушылардың өз қаражаты есебінен 1 млн теңгеге  экологиялық тақырыптағы баннерлер мен плакаттар орнатылған.

 

жыл

2011

2012

табиғатты қорғау іс-шаралары

мың.теңге

1 946 млн

1 445 млн.

көгалдандыру,

мың. теңге

8 млн

8 млн.

 

Табиғат қорғау іс-шараларын жүргізу шегінде РМӨ «ҚР Халық банкінің Тиын сарайы» өндірісімен 2011- 2013ж.ж  52,77 млн/теңгеге ақаба суларды ауыр металлдардан тазарту қондырғысын іске қосу жөнінде бағдарламасы жоспарланып отыр.

«Өскемен конденсаторлы зауыты» АҚ 2012-2013 жылдарға жалпы 1,7 млн. теңгеге  бөлшектерді химиялық өңдеу және күрделі түзеу жұмыстарын жопарлауда.

2012-2016 жылдардан бастап Зырян ауданындағы «Теплоцентраль» МӨ мен жалпы 944,379 млн. теңгеге  жаңа күл үйіндісін құру жобасының құжаттамасын дайындау жоспарлануда.

Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2012 жылдың

І тоқсанындағы жұмысы туралы есеп

 

 

Өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғау

Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы 2012 жылдың 1-ші кварталында өсімдіктер мен жануарлар және балық шаруашылығын қорғау саласында табиғат қорғау заңнамасын бұзу туралы мәлеметтер бойынша 528 реид және 240 тексеру жұмыстарын өткізді.

Анықталған бұзушылық 62 (олардың ішінде орман шаруашылығын пайдалану тәртібін бұзу 47, аң аулау тәртібін бұзу – 15). Әкімшілік жауапкершілікке тартылған 42 –  жеке тұлғалар.

Заң бұзушыларға салынған әкімшілік айыппұлдардың соммасы 353,9 мың теңге (өндірілген айыппұлдар соммасы 336,6 мың теңге). Қойылған талаптар соммасы 142,3 мың теңге (өндірілген талаптар 66,7 мың теңге).Заң бұзушылардан алынған браконьерлік құралдар саны – 44.

Орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің 2012 жылдың өрт қауіптілігі жоғары маусымына дайындықтары тексерілді.

Мынадай өртке қарсы алдын алу іс-шаралары орындалды:

- барлық орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінде орман күзетінің қызметкерлерімен, авиациялық орман күзетінің өкілдерімен, мемлекеттік орман қорынан ұзақ мерзімді пайдалануға учаскелер алған орман пайдаланушылармен 2011 жылдың өрт қауіптілігі жоғары маусымының қорытындылары және 2012 жылы ормандарды өрттен қорғау жөніндегі міндеттер туралы мәжіліс өткізілді;

- мекемелерде ағымдағы жылдың өрт қауіптілігі жоғары маусымына дайындық туралы шектеу және алдын алу өртке қарсы іс-шаралары және оларды орындау мерзімдері туралы жоспарды әзірлеумен бұйрықтар шығарылып, орманшылықтарға жеткізілді;

- қалалар мен аудандардың әкімдерімен бірге орман өрттерін өшірудің жедел жоспарлары жасалды және бекітілді;

- өрт қауіптілігі жоғары кезеңдерде орман күзетінің патруль жасау маршруттары әзірленді;

- ұзақ мерзімді орман пайдаланушылармен және мемлекеттік орман қорымен іргелес басқа да кәсіпорындармен орман өрттерін өшіру туралы шарттар жасалды, онда орман өрттері болған жағдайда оларды өшіруге 1232 адам, 310 трактор, 259 түрлі маркалы автомашина бөлуді көздеген өзара іс-қимыл бойынша шарттар жасалды.

Қалалар мен басқа да барлық елді-мекендерде жасыл желекті егу бойынша «Жасыл жапырақ – Зеленый лист» табиғат қорғау акциясы өткізіледі.

Басқарма «Атамекен» ұлттық-экономикалық палата жанындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша қоғамдық кеңестің көшпелі мәжілісіне қатысты.

Осыған байланысты Шығыс Қазақстан облысы ормандарының ағымдағы жағдайына бағалауды жүргізу үшін «Атамекен одағының» атына орман шаруашылығы және орман орналастыру саласындағы тәуелсіз сарапшыларды тарту туралы хат жіберілді.

Мемлекеттік орман қорының учаскелерін ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру бойынша 52 лот-өтінім қаралды және Орман және аңшылық шаруашылығы комитетіне келісуге жіберілді.

 

Табиғат қорғау іс-шаралары

2012 жылдың 1 тоқсанында Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2011 жыл бойынша басқарманың жұмысы және 2012 жылға арналған міндеттері туралы есептік мәжілісі өткізілді.

Ағымдағы жылғы ақпан-наурыз айларында Басқармамен өңірдегі экологиялық проблемаларды шешу жөніндегі жұмыс тобының мемлекеттік органдардың, қоғамның және ғылымның өкілдерінен тұратын жеке құрамы дайындалып, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б.М. Сапарбаевпен бекітілді. Сонымен қатар, жұмыс тобы жұмысының жоспары әзірленіп, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары С.С. Әбденовпен бекітілді. С.С. Әбденовтің төрағалығымен жұмыс тобының мәжілістері өткізілді, олардың шеңберінде экологиялық проблемаларды шешу жөніндегі ұсыныстар қаралып, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне қоршаған ортаның жағдайын талдау мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның құрамы туралы өтініш әзірленді. С.С. Әбденовтің төрағалығымен жұмыс тобының Шығыс Қазақстан облысының Глубокое кентінде, Риддер және Зырян қалаларында өңірдің экологиялық проблемалары толық қаралған көшпелі мәжілістері ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Басқармамен Қоршаған ортаны қорғау министрі Н.Ж. Қаппаровпен, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары С.Н. Ахметовпен және экология мәселелері бойынша республикалық жұмыс тобының өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне ұсыну үшін бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша құжаттар топтамасы әзірленді.

Басқарманың стратегиялық жоспарына сәйкес, «Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар» ағымдағы бюджеттік бағдарламасы бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында баєа ўсыныстарын сўрату тјсілімен 9 мемлекеттік сатып алу және конкурс тәсілімен 9 мемлекеттік сатып алу өткізілді.

Өткізілген мемлекеттік сатып алу жөніндегі іс-шаралар жоспарларының орындалуына мониторинг және бақылау жүргізілуде.

 

Су ресурстары

Коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы имараттарын басқару жөнінде бөліммен және «Шығыс су қоймалары» КМК-мен тұрақты бірлескен жұмыс және өзара әрекеттестік жүргізіледі.

Су шаруашылығы имараттарының паспортталуын тіркеу жүргізілді (13 бірлік).

Бөлім Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату жөніндегі 5 қаулысының жобасын әзірлеу және келісу бойынша жұмыс жүргізілуде:

1) «Шемонаиха ауданының Лосиха өзеніндегі тоған мен Лосиха өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы»

2) «Шүлбі шлюзінің учаскесіндегі Ертіс өзенінің сол жағалауы мен Шүлбі су қоймасының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы»;

3) «Қазмырыш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Риддер тау-кен байыту кешенінің «Вентиляционный» және «Обручевский» шахта діңдерінің құрылысы жобаланып отырған учаскеде Быстрый ключ және Безымянный бұлақтарының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы»;

4) «Күршім ауданында «ГРК МЛД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің геологиялық бөлу аумағындағы Қалжыр өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы»;

5)«Глубокое ауданындағы «Hambledon Mining Company Limited» компаниясының «Секисовское» тау-кен кәсіпорны» еншілес жауапкершілігі шектеулі  серіктестігінің тау-кен байыту кешенінің жер учаскесі тұсындағы Секисовка және Волчевка өзендерінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы».

Су ресурстарын беттік негізін қолдану үшін облыстық маслихатының жоба шешімі әзірленіп келісім кезенінде.

Есептік кезең ішінде бөлім мыналарға қатысты:

-         Басқарманың 2011 жылға арналған есептік жиналысын дайындау және өткізу;

-         «Экология-Мемлекет-Бизнес-ҮЕҰ-БАҚ» серіктестік жобасы бойынша облыстың экологиялық активі жиналысының жұмысына;

-          «Шығыс су қоймалары» КМК-ның қарамағындағы гидротехникалық имараттардың ТЭН экологиялық сараптамасы және ЖСҚ мемлекеттік сараптамасы мәселелері жөніндегі жұмыс мәжілісін дайындау және өткізу;

-         ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Н. Қаппаровтың Шығыс Қазақстан облысына келуі шеңберіндегі іс-шараларды дайындау және өткізу.

 

Экологиялық сараптама

2012 жылғы 1 квартал бойынша экологиялық сараптама бөліміне қарауға 734 құжат тапсырылған, соның ішінде қарастырылғандары 922 құжат (2010 жылы қалған құжаттардың есебімен), қарауға қалған құжаттар - 82.

2012 жылдың 1 квраталы бойынша құжаттарды қараудың орташа мерзімі жобаға дейінгі материалдар үшін 12 күн, шекті рауалы тастанды жобалары үшін 21 күн, құрылыс және обьектілерді қайта жаңарту жобалары үшін 26 күн, шекті рауалы шығарынды жобалары үшін 9 күн, қалдықтарды орналастырудың нормативтік жобалары үшін 30 күн, физикалық әсер ету жобалары үшін 0 күн.

 

Экологиялық реттеу

Азаматтардың бірдей кепілді сапалы мемлекеттік қызметті алуларына қол жеткізулерін қамтамасыз ету және әкімшілік кедергілерді жою мақсатында, экологиялық реттеу бөлімінің мамандары қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат сұраған өтінімдерді қарау мерзімдерін 2011 жылғы 03 желтоқсандағы өзгерістерімен бірге Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі белгілеген бір айдың орнына 19 күнге төмендетті.

 

 

 

Экологиялық реттеу бөлімі 2011 жылдың 1 тоқсанында 203 өтінімді қарады, соның ішінде қоршаған ортаға эмиссияға 187 рұқсат берілді, рұқсат беруден бас тартылған өтінім материалдары – 16, 2012 жылдың 1 тоқсанында 335 өтінім қаралды, соның ішінде қоршаған ортаға эмиссияға 304 рұқсат берілді, рұқсат беруден бас тартылған өтінім материалдары – 31.

 

 

 

Бөлім 2011 жылдың 1 тоқсанында қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру кезінде атмосфера ауасына 837,6903 тонна, су объектілеріне 57,175 тонна шығарылатын эмиссия көлемін төмендетті, қалдықтарды төмендету қарастырылмайды. 2012 жылдың 1 тоқсанында атмосфера ауасына 1470,4767 тонна, су объектілеріне 229,731 тонна эмиссия көлемін төмендетті, қалдықтар нормативті көлеммен салыстырғанда 13393,053 тоннаға төмендетілді.

 

жыл

2011 ж. 1 т.

2012 ж. 1т.

Шығарындылар, т

837,6903

1470,4767

Құйындылар, т

57,175

229,731

Қалдықтар, т

0

13393,053

 

2012 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша қоршаған ортағы эмиссияға электронды әдіспен 218, қағазда – 86 рұқсат берілді.

2012 жылы рұқсатты 100% электронды әдіспен беру жоспарлануда.

Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2012 жылдың ІI тоқсанындағы жұмысы туралы есеп

 

 

Өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғау

Ормандар мен жануарлар әлемін қорғау саласындағы табиғат қорғау заңнамасын сақтау бойынша  392 рейд өткізілді.

274 бұзушылық анықталды (соның ішінде: заңсыз ағаш кесу бойынша – 31, өзге де бұзушылық – 95, өрт қауіпсіздігі ережесі мен санитарлық ережені бұзу – 99, сүректі түбірінен босату ережесін бұзу – 49). Әкімшілік жауапкершілікке 186 жеке тұлға тартылды.

Бұзушыларға сомасы 1832,64 мың теңге әкімшілік айыппұл салынды; сомасы 1017,76 мың теңгенің талабы қойылды.

Ағымдағы жылы басқарма орман шаруашылығы мекемелері директорларының қатысуымен, Шығыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының өкілдерімен, авиациялық орман күзетінің өкілдерімен және мемлекеттік орман қорынан ұзақ мерзімді орман пайдалануға учаскелер алған орман пайдаланушылармен бірлесіп 2011 жылғы өрт қауіптілігі жоғары кезеңнің қорытындылары және 2012 жылғы міндеттер бойынша кеңейтілген мәжіліс өткізді. Барлық орман шаруашылығы мекемелерінде олардың дайындықтарына тексеру жүргізілді. ҚР АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті әзірлеген арнайы бағдарлама бойынша мекемелердің инженер-техник персоналын оқыту жүргізілді.

- мекемелер бойынша өртке қарсы шектеу және алдын алу іс-шараларының жоспарларын әзірлеумен ағымдағы жылғы өрт қауіптілігі жоғары маусымға дайындық туралы бұйрықтар шығарылды және олардың орындалу мерзімдері орманшылықтарға жеткізілді;

- ауылдық округтердің әкімдерімен және қалалардың және аудандардың әкімдерімен бірлесіп орман және дала өрттерін өшірудің жедел жоспарлары жасалды бекітілді;

- өрт қауіптілігі жоғары кезеңдегі орман күзеті үшін патруль маршруттары әзірленді;

- орман өрттері шыққан жағдайда хабар беру сұлбалары әзірленді, оған телефон байланысы мен 460 радиостанция тартылды;

- сұлба-карталар әзірленді, оларға :

1) орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері бойынша өрт қауіптілігінің класы бойынша орамдарды бөлу;

2) орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің аумақтарын жердегі және авиациялық орман күзеті аймақтарына бөлу енгізілген;

- мемлекеттік орман қорының аумағында орман өрттерінің шығуы және оларды өшіру жағдайына азық-түлік, дәрі-дәрмек запасы қарастырылған, 66,2 тонна бензин, 36,5 тонна дизель отыны көлемінде жанар-жағармай материалдарының қоры құрылған;

- ұзақ мерзімді орман пайдаланушылармен және мемлекеттік орман қорымен шекаралас басқа да кәсіпорындармен орман өрттерін өшіру кезінде өзара әрекеттестік бойынша шарттар жасалды, онда орман өрттері шыққан кезде оларды өшіруге 2329 адам, 269 трактор, 280 әртүрлі маркідегі машина бөлу көзделген.

Молықтыру мен орман өсіруге жергілікті бюджеттен 49881,0 мың теңге қаржы бөлінді.

Ағымдағы жылдың көктемінде мынадай іс-шаралар орындалды: 570 гектар аумақта орман дақылдарын отырғызу жүргізілді, соның ішінде: орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері 532 гектарда, мемлекеттік орман қорының учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану құқығын алған орман пайдаланушылар 38 гектарда. Топырақты өңдеу соқамен жыртып, борозда салумен және бульдозермен алаңқайды тегістеумен орындалады.

Орман тұқымбақтарында 3,0 гектар алаңға негізгі орман құрауыш түрлердің тұқымдарын егу жүргізілді.

«Жасыл жапырақ – Зеленый лист» акциясына 13 орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі қатысты.

Ағымдағы жылғы 20 сәуірде «Жасыл жапырақ – Зеленый лист» акциясы өткізілген күні облыстық этнографиялық мұражай-қорығының Солжағалау кешенінің аумағында қайыңның, ұсақ жапырақты жөкенің, кәдімгі шетеннің, кәдімгі шағанның, ұсақ жапырақты шегіршіннің, мойылдың, еменнің 580 дана көшетін егу жүргізілді.

Облыстың орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелері республикалық акцияға қатысу үшін облыстың қалалары мен аудандарының әкімдеріне екпе материалдарын сатып алуға көмек көрсетті.

Өскемен қаласында акцияға 14 оқу мекемесі қатысып, сүрек-бұта түрлерінен 644 көшет екті.

Жайластыру және көгалдандыру бойынша айлық барысында тұрғын-үй коммуналдық қызметтері, жеке тұлғалар және басқа да ұйымдар сүрек-бұта ағаш түрлерінен 31,0 мың дана көшет екті.

Ағымдағы жылы орман шаруашылығы Риддер және Өскемен мемлекеттік мекемелерінде орындалған жұмыстың көлемі үшін еңбекке ақы төлеумен жауынгерлерінің жалпы саны 20 адам «Жасыл ел» студенттердің отрядын құру жоспарлануда. Студенттер табиғат қорғау заңнамасын сақтау бойынша тұрғындардың арасында үгіт-насихат жұмыстарына қатысатын болады, орман дақылдары жұмыстарын орындайды, орман тұқымбақтарындағы күтім жұмыстарына қатысатын болады.

Жыл сайын көктемгі-жазғы маусымның 2 айы бойы жастардың қатысуымен «Жасыл бақ – таза қала», «Менің айтулы ағашым», «Саябақтар маршы» облыстық экологиялық акциялары, сондай-ақ оқу орындарының студенттері мен оқушылардың қатысуымен орман мен бақша айлықтары, «Келешек үшін өткенді сақтайық», «Тазалық күні» сенбіліктері ұйымдастырылады.

 

Табиғат қорғау іс-шаралары

2012 жылдың екінші тоқсанында Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары С.Н. Ахметовтың 2012 жылғы 26 наурыздағы тапсырмалары бойынша мәселелер белсенді пысықталды.

Берілген тапсырмаларды орындау үшін Өскемен, Семей, Риддер, Зырян, Шемонаиха қалаларында Өндірістік экологиялық мониторингтің өңірлік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің (ӨЭМӨААЖ) желісін кеңейту, сондай-ақ Өскемен қаласының және Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы тарихи радиоактивті ластануды жою бойынша бюджеттік өтінімдер әзірленді. Аталған бюджеттік өтінімдер ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне және ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне ұсынылды.

Басқарманың стратегиялық жоспарына сәйкес, «Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар» ағымдағы бюджеттік бағдарламасы бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен 4 және конкурс тәсілімен 1 мемлекеттік сатып алу өткізілді. Шарттар жасалды.

Өткізілген мемлекеттік сатып алу бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуына  мониторинг және бақылау жүргізіледі.

 

Су ресурстары

Су шаруашылығы имараттарының паспорттарын тіркеу жүргізілді (25 бірлік).

 

Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату жөніндегі әзірленген 4 қаулысына  облыс әкімінің  қолы қойылып, қазіргі уақытта Әділет органдарында тіркеу рәсімін өтуде.

1) «Шүлбі шлюзінің учаскесіндегі Ертіс өзенінің сол жағалауы мен Шүлбі су қоймасының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы»;

2) «Қазмырыш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Риддер тау-кен байыту кешенінің «Вентиляционный» және «Обручевский» шахта діңдерінің құрылысы жобаланып отырған учаскеде Быстрый ключ және Безымянный бұлақтарының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы»;

3) «Күршім ауданында «ГРК МЛД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің геологиялық бөлу аумағындағы Қалжыр өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы»;

4)«Глубокое ауданындағы «Hambledon Mining Company Limited» компаниясының «Секисовское» тау-кен кәсіпорны» еншілес жауапкершілігі шектеулі  серіктестігінің тау-кен байыту кешенінің жер учаскесі тұсындағы Секисовка және Волчевка өзендерінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы».

Бөліммен Риддер қаласының әкімшілік аумағы шекарасында су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнату жөніндегі  Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің қаулысы жобасын әзірлеу және келісу жөніндегі жұмыс жүргізілуде.

Облыстық мәслихаттың жер беті су көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем ставкалары жөніндегі шешімінің жобасы әзірленді және келісілді, ол облыстық мәслихаттың кезекті төртінші сессиясында енгізіліп, бекітілді. Қазіргі уақытта мәслихаттың шешімі Әділет органдарында тіркеу рәсімін өтуде.

 

Экологиялық сараптама

2012 жылғы бірінші жарты жылдық бойынша экологиялық сараптама бөліміне қарауға  1193 құжат тапсырылған, соның ішінде қарастырылғандары 1410 құжат (2011 жылы қалған құжаттардың есебімен), қарауға қалған құжаттар - 29.

2012 жылдың бірінші жарты жылдық бойынша құжаттарды қараудың орташа мерзімі жобаға дейінгі материалдар үшін 11 күн, шекті рауалы тастанды жобалары үшін 16 күн, құрылыс және обьектілерді қайта жаңарту жобалары үшін 16 күн, шекті рауалы шығарынды жобалары үшін 16 күн, қалдықтарды орналастырудың нормативтік жобалары үшін 24 күн, физикалық әсер ету жобалары үшін 0 күн.

 

 

Экологиялық реттеу

Азаматтардың кепілді, сапалы мемлекеттік қызметті алуына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету және әкімшілік кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік экологиялық реттеу бөлімінің қызметкерлері өтінімдерді қарау мерзімдерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген 1 айдың орнына 18 күнге дейін төмендетті.

 

 

 

2011 жылы экологиялық реттеу бөлімі 410 өтінімді қарады, соның ішінде  қоршаған ортаға эмиссияға 385 рұқсат берді, рұқсат беруден бас тартылған материалдардың саны – 25.

2012 жылы экологиялық реттеу бөлімі 524 өтінімді қарады, соның ішінде  қоршаған ортаға эмиссияға 486 рұқсат берді, рұқсат беруден бас тартылған материалдардың саны – 38.

 

 

Бөлім қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат берген кезде 2012 жылы нормативті көлеммен салыстырғанда атмосфера ауасына эмиссияны 3309,377 тоннаға, су объектілеріне 441,391 тоннаға, қалдықтарды 38113,613 тоннаға төмендетті.

Жыл

2011

2012

Шығарындылар, т

5755,848

3309,377

Қосылатын су, т

1065,72

441,391

Қалдықтар, т

25871,896

38113,613

 

 

2012 жылы облыстың ІІ, ІІІ, ІV санаттағы кәсіпорындары жалпы сомасы 1 705 миллион теңгенің табиғат қорғау іс-шараларын жоспарлады, соның ішінде жасыл желектің алаңдарын арттыру - 8 миллион теңге, табиғатты пайдаланушылардың есебінен сомасы 685492 мың теңгенің экологиялық тақырыптарға арналған баннерлер мен плакаттары ілінді.

 

Жыл

2011

2012

табиғат қорғау іс-шаралары, тыс. теңге

1 946 млн

1 705

көгалдандыру, тыс. теңге

8 млн

8 млн

 

2011-2013 жылдарға арналған табиғат қорғау іс-шаралары шеңберінде «ҚР Ұлттық Банкінің Қазақстандық монета сарайы» РМК сарқынды суларды ауыр металдардан тазартатын 52,77 миллион теңгенің қондырғысын сатып алуды және қолданысқа енгізуді жоспарлап отыр.

«Өскемен конденсатор зауыты» АҚ 2011-2013 жылдары жалпы сомасы 1,7 миллион теңгенің тетіктерін химиялық өңдеумен линияға күрделі жөндеу жүргізуді жоспарлап отыр.

2012-2016 жылдар аралығында Зырян ауданының «Теплоцентраль»  кәсіпорны жалпы сомасы 944,379 миллион теңге болатын жаңа күл үйетін орынға жобалық құжаттамалар әзірлеуді және құрылысын салу жоспарлауда.

Шығыс Қазақстан облысының аумағында тұңғыш рет су қорғау белгілері орнатылуда, атап айтсақ, қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатта көрсетілген табиғат пайдаланудың ерекше шартына сәйкес «Айна» демалыс базасында. Аталған шарттың орындалу мерзімі 2012 жылдың 2 тоқсаны.

Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2011 жылдың ІV тоқсанындағы жұмысы туралы есеп



Өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғау
Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы 2011 жылдың 12 айында өсімдіктер мен жануарлар және балық шаруашылығын қорғау саласында табиғат қорғау заңнамасын бұзу туралы мәлеметтер бойынша 5885 реид және 1503 тексеру жұмыстарын өткізді.
Анықталған бұзушылық 946 (олардың ішінде орман шаруашылығын пайдалану тәртібін бұзу 632, аң аулау тәртібін бұзу – 202, балық аулау мен балық қорын қорғау тәртібін бұзу – 112. Ерекше қорғалатын табиғаттық аймақ – 0 жағдай). Әкімшілік жауапкершілікке тартылған 832 –  жеке тұлғалар, 100 – лауазымды тұлға. Қылмыстық жауапкершілікке тартылған – 3 адам.
Заң бұзушыларға салынған әкімшілік айыппұлдардың соммасы 6066,7 мын тенге (өндірілген айыппұлдар соммасы 6722,1 мың тенге). Қойылған талаптар соммасы 2888,2 мын тенге (өндірілген талаптар 2683,7 мың тенге).
Заң бұзушылардан алынған браконьерлік құралдар саны – 228. Соның ішінде: 13 тегіс оқпанды қару, 102 – аулау құралдары (ау, желі), 113 – басқа браконьерлік құралдар.
2011 жылдың өткен 12 айында табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы және оған қарайтын мемлекеттік мекемелерде бұқаралық ақпарат құралдарына: газет, журналдарға – 80 рет жариаланған, радио мен теледидардан 44 рет хабар өткізілді.
2011 жылы 2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасының шеңберінде, орманды өсіру, қорғау, күзету, молайту үшін, жануарлар әлемін қорғауға облыстық бюджеттен 875469,0 мың теңге, соның ішінде орман шаруашылығын мемлекеттік мекемелерін ұстауға 768370,0 мың теңге бөлінді.
Жалпы штаттық саны 1321 адамды құрайды.
Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ормандар мен жануарлар және балық шаруашылығын қорғау саласында табиғат қорғау заңнамасын сақтау бойынша 5247 рейд жүргізді.
875 бұзушылық анықталды (оның ішінде: орман заңнамасын бұзу 600, аң аулау тәртібін бұзу – 171, балық аулау ережесін бұзу - 104) Әкімшілік жауапкершілікке 668 –  жеке тұлға, 90 - лауазымды тұлға тартылды. 3 адам – қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Бұзушыларға салынған әкімшілік айыппұлдардың сомасы 5722,8 мың теңге (өндірілген айыппұл сомасы 5292,8 мың теңге). Қойылған талаптар сомасы 2796,0 мың теңге (өндірілген талаптық сомасы 1884,2 мың теңге).
Алынған браконьерлік құралы – 221: соның ішінде: 13 отты қару, 108 – ау мен тор құралдары (ау, желі), 100 – басқа браконьерлік құралдар.
2011 жылы орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелеріне техникаларды және құралдарды сатып алуға кеткен шығын 32306,7 мың теңгені құрайды.
Мемлекеттік орман қорының аумағында жердегі және авиациалық орман күзеті жүзеге асырылады. Сондай-ақ, соңғы кездері өрттерді анықтауда қолданылып жүрген тәсілдерге қосымша және оларды сөндіру бойынша жедел әрекет жасау мақсатында, облыс аумағында табиғи өрттерді анықтау бойынша тұрақты космостық мониторинг ұйымдастырылған, ақпарат күн сайын басқармаға Шығыс Қазақстан облысының авиазвеносы арқылы тәулігіне 2 рет түсіп отырады. Мониторингты Қазақстан Республикасының Космостық зерттеулер институты жүзеге асырады. Бағдарламаның әкімшісі ШҚО жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және табиғи апаттардың алдын алу мен жоюды ұйымдастыру басқармасы болып табылады.
Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерімен келесі өртке қарсы алдын алу іс-шаралары орындалды:
- жолақ жыртуы – 275,3 шақырым;
- жыртылған жолаққа күтім жасалуы – 1721,8 шақырым;
- демалыс және шылым шегу орындарын орналастыру – 75 дана;
- өртке қарсы тағайындалған жолдарды салу – 103 шақырым;
- өртке қарсы тағайындалған жолдарды жөндеу –298 шақырым;
- өртке қарсы тақырыптағы аншлагтарды орнату – 463 дана;
- ауыл шаруашылық құрылымдарға берілген ұйғарымдамалар – 450 дана;
- таратылған үнпарақ - 12456 дана;
- ұйымдар мен білім беру мекемелерінде өртке қарсы күрес тақырыбында өткізілген семинарлар, лекциялар, әңгімелер – 5617.
- бұқаралық ақпарат құралдарындағы баяндамалар:
- газеттер мен журналдарды жарияланған мақалалар – 48 дана;
2011 жылдың күзінде алаңы 840 гектар орманға табиғи қайта жаңаруға әсер ету шаралары орындалды. Орманның табиғи қайта жаңаруына әсер ету шаралары ағаш дайындау кезінде өскіндерді сақтаумен топырақтың бетін минералдау әдісімен жүргізілді.
2011 жылы орманның табиғи қайта жаңаруға әсер ету шаралары 346 гектар орманда қайта жаңартылды.
Молықтыруға және орман өсіруге жергілікті бюджеттен 46674,0 теңге бөлінді.
Ағымдағы жылдың көктемінде мынадай іс-шаралар орындалды:
560 гектар аумақта орман дақылдарын отырғызу жүргізілді, соның ішінде мемлекеттік орман қорының учаскелерінен ұзақ мерзімді орман пайдалану құқығын алған орман пайдаланушылармен 45 гектарда. Бейімділіктің орташа өлшенген ұпайы 75%.
Орман тұқымбақтарында 3,0 гектар алаңда тұқым себу жүргізілді. Негізгі орман құраушы түрлерден 3,0 миллион дана стандартты екпе материалы өсірілді.
Сүрек түрлерінен 7,6 гектар алаңда плантацияның іргетасы қаланды, 108 мың дана отырғызылды.
2011 жылы орман дақылдарының 30,5 гектар алаңы орманы көмкерілген алаңға ауыстырылды, орманның табиғи қайта жаңаруына әсер ету шараларынан 346 гектар құнды ағаш санатына жас ағаштар енгізу 376,5 гектарды құрайды.
2011 жылғы 23 сәуір күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және 1971 жылы БҰҰ бекіткен Бүкіләлемдік Жер күніне арналған «Жасыл жапырақ – Зеленый лист» бір жолғы акциясы өткізілді.
Облыстың аумағында акцияға 190 мың адам қатысты, Өскемен қаласындағы қатысқандардың саны 34000 адам, Семей қаласында 16000 адам болды.
Ағаштар мен бұталарды егу көркейту мен санитарлық тазарту бойынша сенбіліктер мен айлықтарды өткізумен қатар орындалды.
Өскемен қаласындағы көгалдандыру акциясына 90 білім беру ұйымы қатысып сүрек-бұта түрлерінен 3850 дана көшет екті, соның ішінде 47 мектептен 26536 оқушы, 18 колледж бен 5 лицейден 600 студент қатысты.  
2011 жылы орман шаруашылығы Риддер, Зырян және Өскемен мемлекеттік мекемелері еңбекке орындалған жұмыстың көлеміне ақы төлеумен жауынгерлерінің жалпы саны 20 адам «Жасыл ел» студенттердің еңбек отрядын құрды. Студенттер табиғат қорғау заңнамасын сақтау бойынша тұрғындардың арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді, орман дақылдары жұмыстарын орындады, орман тұқымбақтарындағы күтім жұмыстарына қатысты.

Табиғат қорғау іс-шаралары
Басқарманың Стратегиялық жоспарына сәйкес «Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар» ағымдағы бюджеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында табиғат қорғау бағдарламалары бөлімімен бүкіл тоқсан бойы іске асырылатын табиғат қорғау бағдарламаларының орындалуына мониторинг және бақылау жүргізілуде.
Шығыс Қазақстан облысының су объектілерін тиімді пайдалану жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеу шеңберінде су-энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету стратегиясын әзірлеу мақсатында, ГЭС құрылысы бойынша инвестициялық ұсыныстар әзірленді. Сонымен қатар, табиғат қорғау бағдарламалары бөлімімен жаңа ГЭС-тарды салу үшін инвестицияларды тарту мәселесі ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен, «Самруқ-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамымен пысықталды. ҚР Премьер-Министрі К.К. Мәсімовтің атына Шығыс Қазақстан облысының аумағында су-энергетикалық балансты қамтамасыз етуге қатысты өтініштер жолданды.
ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде табиғат қорғау бағдарламалары бөлімімен 2012 жылға арналған 4 бюджеттік инвестициялық жоба қорғалды, соның ішінде: «Өскемен қаласындағы кәріздің тазалау имараттарын дамыту», «Семей қаласының ақаба суларын биологиялық тазарту иммараттарын қалпына келтіру және кеңейту», «ШҚО Көкпекті ауданының Көкпекті ауылындағы алаңы 3 гектар болатын тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының құрылысы», «Көкпекті ауданының Самар ауылындағы алаңы 4 гектар болатын тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының құрылысы».
Есептік кезеңде бөліммен мемлекеттік сатып алу жүргізілді және өндірістік экологиялық мониторингтың өңірлік автоматтандырылған ақпараттық жүйесін (ӨЭМӨААЖ) ұстау және іске қосу қызметтеріне келісім-шарт жасалды. ӨЭМӨААЖ іске қосылуы және жұмыс істеуі нәтижелері бойынша Өскемен қаласы атмосфералық ауасының ластануының бірінші есептері, радиациялық бақылау посттарынан және Үлбі өзенінің су деңгейі бойынша мәліметтер алынды.

Су ресурстары
Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы маңында облыс әкімдігінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 51 қаулысымен коммуналдық меншіктегі су шаруашылық объектілерін басқаратын «Шығыс су қоймалары» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны (КМК) құрылды.  Кәсіпорын сумен жабдықтау саласында, сонымен қатар су шаруашылық  жүйесі мен су қоймаларын жөндеу және пайдалануды жүзеге асырады.
2011 жылдың 4-ші тоқсанында «Шығыс су қоймалары» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны 25 гидротехникалық ғимараттарына көп факторлы тексерулер жүргізуді аяқтады.
8  гидротехникалық ғимараттар паспортталып, оларды пайдалану ережесі әзірленді.
Облыстағы су объектілеріне облыс әкімдігінің су қорғау аумағы мен белдеулерін бекіту жөніндегі 5 қаулы жобасымен жұмыс жасау жалғасты.
Өскемен қаласында 2011 жылдың 4 қарашасында Ертіс Бассейні кеңесінің кезекті мәжілісі өтті. Ақпараттар дайындалды.
Су шаруашылық ғимараттарын паспорттау және оларды пайдалану ережесін әзірлеу жөніндегі мәселе бойынша,  «ВК РЭК» АҚ Зайсан ГЭС-да жұмыс жүргізу бойынша бірқатар жұмыс мәжілістері өтті.

Экологиялық сараптама
Орындалған мемлкеттік экологиялық сараптамалар бойынша
2011 жылғы есеп




Экологиялық реттеу
2012 жылдың 4 қантарға дейінгі жағдайы бойынша экологиялық реттеу бөлімі 301 өтінімді қарады және қоршаған ортаға эмиссияға 274 рұқсат берді, 23 өтінім толықтырылу үшін қайтарылды, 4 қайта қайтарылды. 66 кәсіпорынның өтінімдерінің материалдары қаралуда.
2010 жылдың IV тоқсанымен салыстырғанда 2011 жылдың IV тоқсанында берілген рұқсаттардың саны 4 өтінімге азайды.
Бүгінгі таңда, Глубокий ауданының 13 қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына және Зырян ауданының бір қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны заңдастырылып, қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат берілді.

Қосымша табиғат пайдаланушылар электрондық кабинетінің модулі іске қосылды және қоршаған ортаға эмиссияларға 36 рұқсат электрондық түрде берілді.

 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..