Іздеу

Басқарма басшысының блогы

Құсаинов Мұрат Манарбекұлының

ӨМІРБАЯНЫ

1969 жылы 14 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында дүниеге келген.

Ұлты - қазақ. Білімі жоғары.

1993 жылы Лениногор орман колледжі. Мамандығы бойынша орман шаруашылығы технигі.

1992 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты бітірген. Мамандығы бойынша тау кен инженері.

2016 жылы Қазақстан - Американдық еркін университеті бітірген. Мамандығы бойынша мемлекеттік және жергілікті басқару.

Еңбек жолын 1985 жылдан Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Асу Бұлақ кентіндегі Аюда орман шаруашылығында бастаған.

1986-1992 жылдары В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының тау-кен факультетінде пайдалы кен орындарын жер астында қазудың технологиясы және оны комплексті механикаландыру мамандығы бойынша оқып, тау-кен инженері мамандығын алған.

1993 – 1996 жылдары Лениногор орман колледжінде орман шаруашылығы мамандығы бойынша оқып, техник-орман өсіруші біліктілігін алған.

1991-1993 жылдары Белогорск тау-кен байыту комбинатында «Юбилейный» руднигінің жерасты учаскесінде тазартпа кенжар жұмысшысы, тау-кен мастері болып жұмыс істеген.

1993 – 1999 жылдары кейіннен Асу Бұлақ орман шаруашылығы деп аталған Боровой өндірістік орман шаруашылығы кәсіпорынында орман күзетшісі, кейін орман шаруашылығының инженері, орман күзетшісі, бас орман күзетшісі ретінде жұмыс істеген.

1999 – 2015 жылдары Асу Бұлақ орман шаруашылығы директоры болған.

2015 жылғы қарашадан 2017 жылғы қарашаға дейін ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысы болып қызмет еткен.

2017 жылғы қарашадан 2018 жылғы қарашаға дейін Ұлан ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған.

2018 жылғы 29 қарашадан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімінің № 194-к өкімінің негізінде Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Үйленген, екі қыз бен ұл тәрбиелеуде.

«Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Сұрақ қою
1000 максимум символов

"БИПЭК АВТО Казахстан" ЖШС 2016 жылгы 14 шілде күні сағат 10:00-де ШҚО, Глубокое ауданы, Профсоюзная көшесі, 34, Әкімдік ғимараты мекен-жайында болып өтетін «ШҚО, Глубокое ауданы, Бобровка ауылына жакын орналасқан «Нур Тау» демалыс базасының электр қондырғыларын косу» жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өткізілетіндігі туралы хабарлайды. Мүдделі тұлғалар белгіленген қызмет материалдарымен: Өскемен каласы, Тәуелсіздік даңгылы, 92/1, тел 8(7232)516469 мекен-жайы бойынша танысуына немесе depstroy12@bipek.kz электронды адресіне хат жолдауына болады.

«АзияПроектСтрой» ЖШС «Волна» демалыс орнын қайта құру» жобасын жүзеге асыру бойынша қоғамдық тыңдалымдарды жүргізу туралы хабарлайды. Ағын суларды тазарту құрылғыларын орнату. Қоғамдық тыңдалымдар 2016 жылы 30 маусымда Қазақстан, Шығыс-Қазақстан облысы, Жаңа Бұқтырма кенті, Коммунистік көш. Мекен-жайы бойынша «Мәдениет үйінде» сағат 14.00-де өтеді. Қоғам өкілдері ШҚО «Серебрянск» қ. «Из рук в руки» газет сайтында материалдармен толық таныса алады.

Барлық ескертулер мен ұсыныстар aziyaproektstroy@mail.ru электрондық поштасына қабылданады.

Анықтама телефоны: 8 (7232) 49-25-25 – «АзияПроектСтрой» ЖШС, 8 777 223 81 01

«Қамқор Локомотив» ЖШС «Шығыс Қазақстан облысының Қызмет көрсету орталығы, Аягөз қаласы, Мәженов көшесі, № 1Д» жұмыс жобасына Қоршаған ортаға әсерді бағалау жобасы бойынша қоғамдық тыңдалым өтетіндігін хабарлайды. Өткізу орны: Щығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, Мәженов көшесі, № 1Д. Өткізу күні 2016 жылғы 13 маусым, сағат 12.00, телефон 8(7172) 23-70-50.

Материалдардың қағаз түрімен Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, Мәженов көшесі, № 1Д мекен-жайында танысуға болады.

Ескертулер мен ұсыныстарды atameken_eco@mail.ru,электрондық мекенжайдан материалдардың электрондық түрін сұрауға болады.

"БИПЭК АВТО Казахстан" ЖШС 2016 жылғы 30 маусымда сағат 10:00-де ШҚО, Глубокое ауданы, Профсоюзная көшесі, 33, «Бобровская орта мектебі» КМК мекен-жайында «ШҚО, Глубокое ауданы, Бобровское орман шаруашылығы мекен-жайы бойынша орналасқан «Рощино» рекреациялық-ландшафттық аймағының құрылысы жобасы» жөнінде қоғамдық тыңдаулар өткізеді. Қызығушылық танытқан тұлғалар белгіленген қызмет материалдарымен Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 92/1, тел 516469 мекен-жайы бойынша танысуына немесе depstroy12@bipek.kz электронды адресіне хат жолдауына болады.

 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..