Іздеу

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ КОНКУРС !

           Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Шүлбі және Өскемен су қоймалары балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша Конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды.

Квалификациялық талаптардың толық тізбесі конкурстық құжаттамада көрсетілген.

Өтінімдерді тапсыру мерзімі - конкурстық құжаттамаға сәйкес (2017 жылғы 28 ақпаннан 14 наурызға дейін).

Конкурсқа Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің 2015 жылғы  19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығымен бекітілген Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және  (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидалары және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес квалификациялық талаптарға сай Конкурсқа қатысуға тілек білдірген барлық жеке немесе заңды тұлғалар жіберіледі.

Конкурстық құжаттама көшірмесінің пакетін мына мекенжай бойынша: Өскемен қаласы, К. Либкнехт көшесі, 19 үй, 411 кабинет, жұмыс күндері сағат 9-дан 18-00-ға дейін және/немесе http://www.akimvko.gov.kz алуға болады.

            Конкурстық құжаттама көшірмесінің пакетін сақтау

Конкурстық құжаттама тегін беріледі.

Әлеуетті жеткізушілер конкурсқа қатысу үшін конкурстық өтінімдерді мөрленген конвертке салып,  «Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ 2017 жылғы 14 наурыз айын қоса алғанда сағат 18-00-ға дейін мына мекенжай бойынша тапсырады: индекс 070004, Өскемен қаласы, К. Либкнехт көшесі, 19, 411 кабинет.

Конкурстық өтінімдер салынған конверттер 2017 жылғы 15 наурызда 16-18 сағ. 00 минутте Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 40, 4-этаж, 404 кабинетте ашылады.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8 (7232) 25-91-84 телефоны арқылы алуға болады.

 

Kонкурстық өтінім салынған конверттерді ашу хаттамасы

 

 


Жұмыс тәртібі

дүйсенбі - жұма: 9:00 – 13:00,
14:30 - 18:30

 

Сұрақ - жауап

Сіз бізге сұрақтарыңызбен келе аласыз

Толық   Онан әрі..